Quantcast
Channel: Табиғат | National Geographic Qazaqstan
Viewing all 146 articles
Browse latest View live

Бала мінезді ақылдылар

$
0
0

Ақтиін01

Тиін – қолға оңай үйренетін жануардың бірі. Оның есте сақтау, шапшаңдық, ептілік, аңғарғыштық секілді қабілеттері де ерекше дамыған. Негізінен адамдарға жақын аймақтарда өмір сүреді, өйткені үй маңайынан тамақ табу оған жеңілірек. Қолға үйренген үй тиіні өзінің иесін алыстан жазбай таниды, шақырғанына келеді. Мұның барлығы оның ақылдылығын көрсетсе керек. Олар құстарға шашылған жеммен қоректеніп, үй шатырларын да мекен етеді.

Жабайы тиіндердің және бір ерекшелігі – жаңғақсүйгіштігі. Олардың бұл қасиетін құдды бір баланың тәттіге құмартқанына теңесе болатындай.  Кейбірі жаңғақ дәнін  жерге көмсе, енді бірі – ағаш діңіне тығады. Бірақ ғалымдардың зерттеуіне қарағанда олардың, әсіресе, сұр түстілері ұмытшақ келеді. Өздерінің жерге көмген жаңғақтарын кейін таба алмай қалатын жағдайлары болады. Нәтижесінде әлгі көмілген жерлерден көктемде жаңа бұталар өсіп шығады екен.

Суретті түсірген: Дмитрий Ругис

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы


Үшқоңыр ма, WindowsXP ме?..

$
0
0

Алатауым-асқар тауым

Үшқоңыр – табиғаты ғажап, құт қонған мекен. Алматы облысында Майтөбе тауының шығысында, Аршалы кезең асуының солтүстік баурайында жатқан Үшқоңырды батысында Ұзынқарғалы, шығысында Шамалған өзендері ағып өтеді.

Жазғытұрым мезгілде түсірілген бұл фотоның басты ерекшелігі – WindowsXP бағдарламасындағы басқы бетті көз алдыңызға елестетеді. Сурет бұлтты күні кешқұрым телеобъективпен түсірілген. Үшқоңыр төбесінің арғы жағында Іле Алатауының аспанмен астасқан шыңдары көрінеді.

Суретті түсірген: Максим Золотухин

Алтын Алтай еркесі

$
0
0

Алтай-айнасы

Қазақстанның көз тоймас көрікті әрі ғажайып мекенінің бірі – Рахман бұлағы.

Ол Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласынан 450 шақырым жерде, төрт мемлекет: Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қытай шекарасының қиылысқан жерінде, Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында орналасқан. Рахман қайнарының шығуы туралы жұртшылық ауызында түрлі аңыздар да бар. Ең бастысы бұл өңірдегі өзен-көлдер өзінің ерекше емдік қасиетімен ғана емес, табиғатының қайталанбас сұлулығымен де ерекшеленеді.

Суретті түсірген: Ерболат Шадрахов 
Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Рахман бұлағы.

Бұлақ сыбдыры

$
0
0

Бұлақ сыбдыры!

Су – тіршілік көзі. Онсыз дүниеде ештеңе дамымас еді. Жер шарының 361 млн шаршы шақырымын, яғни 71% су алып жатыр. Соған қарамастан адам үшін қажетті тұщы су қоры оның тек небары 2%-ын ғана құрайды.

Әлемді қоршап тұрған осы судың да «мінезі» әрқилы болып келеді. Апатқа әкелетін тасқын мен сел, дауылмен араласқан толассыз жаңбыр – мұның бәрі судың дүлей күші. Дегенмен, адам жанына ерекше жайлылық сыйлайтын сылдырай аққан, жан сарайыңды ерекше күйге түсіретін бұлақ сыбдыры да бар.

Қарқаралының қоңыр күзіндегі бұлақ сыңғырын естігіңіз келе ме? Ендеше бір сәт осы суретке үңіліңіз!

Фото: Ерболат Шадрахов

Астана Бурабайға қарай жақындамақ

$
0
0

 

Астана орманы-02

Астана мәртебесі әйгіленгеннен бастап Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бірінші кезекте қала маңына ағаш егуді тапсырған болатын. Өткен 18 жылдың ішінде елорданың айналасындағықолдан өсірілген орманның ауданы 73 мың гектарға жетті. 60-тан астам ағаш түрі өсетін орманда қазір аң мен құс та көбейе бастаған. Жақында Елбасы Астананың орман плантацияларын және «Ақ қайың» көшеттер питомнигін аралап, дәстүрлі қырғауыл ұшыру шарасына қатысты.

Жасыл белдеу фото Е (10)

Мемлекет басшысы ағаш отырғызылатын аумақтың жалпы көлемін ұлғайту жұмыстарымен, 2018 жылға дейінгі жасыл желекті алап пен оның биоалуандылығын дамыту жоспарымен де танысты. «Жыл сайын Астана маңында қосымша 5 мың гектар ағаш отырғызылады. 73 мың гектарға жеткен бұл аумақ көлемі жөнінен Бурабай ұлттық саябағына тең. Біздің ендігі міндетіміз – Елорда маңындағы орман ағаштары алабын Бурабай саябағы аймағына ұластыру», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Елбасы елдің экологиялық жағдайын жақсарту үшін барлық өңірде орман өсіру ісін дамыту қажеттігіне де назар аударды. Президенттің айтуынша, қала маңында бой көтерген  «Жасыл аймақ» елорданы шаң-тозаң мен ұйытқыған желден қорғайды. «Орманы бардың қорғаны бар» деп қазақ тегін айтпаған. Жасыл аймақ та Астанаға жел мен шаңнан қалқан болып, қала тазалығын қамтамасыз етеді», – деген Н.Назарбаев барша азаматтарды ағаш егу ісіне өз үлестерін қосуға, Қазақстанның табиғи байлықтарын аялауға шақырды.

Жасыл белдеу фото Е (11)

Болашақта елорданың «жасыл аймағын» Ақмола облысы Ақкөл ауданы ормандарымен ұштастыру жоспарлануда. Қаланың «жасыл аймағында» туризм мен демалыс орындарын дамыту мақсатында 2014 жылы «сафари-саябағы құрылды. Ал 2015 жылы жабайы жан-жануарлар түрі мен санын көбейте отырып, саябақ аумағын 300 гектарға дейін кеңейту жөнінде жоба әзірленген болатын.

Жасыл белдеу фото Е (1)

1997-2016 жылдар аралығында Астананың жасыл аймағы алқабы 75,1 мың гектарға дейін ұлғайды. Оның ішінде қала шетінен құрылған 14,8 мың гектар аумақ елорда әкімдігінің теңгеріміне берілді. «Жасыл аймақ» аумағына отырғызылатын көшеттер өсіру үшін жыл сайын 30 тоннадан аса жеміс жиналып, қайта өңдегеннен кейін одан 3 тоннаға жуық тұқым алынады. «Ақ қайың» плантациясында қазіргі таңда ауданы 155 гектар, ал саны 50 мың дана болатын ағашты-бұталы тұқымның 62 түрі бар.

Жасыл белдеу фото Е (12)

Елорданың жасыл белдеуін құру жабайы жануарлар мен құстардың көбеюіне де үлес қосуда. Осы күндері аймақ екпелерінде марал, бұлан, елік, суыр, дала қарсағы, қоян және кішкентай тышқан мекендейді. Мұнымен қоса, балқарағай торғайы, сұр шіл, сұр сандуғаш, көк қарға, жасымық, шиқылдақ, мәскеу торғайы тәрізді қанаттыларды да кездестіруге болады. Биыл олардың қатарына тағы 150 қырғауыл қосылды.

ERA_4691

Ерлан Омаров

Ұлылар мекені –Маңғыстау

$
0
0

Ұлылар мекені, дүрлер даласы – қасиетті Маңғыстау жері!
Ержүрек бабалардың қаны сіңіп, күреңіткен киелі топырағы көне тарихтан ғажайып сыр шертіп жатқандай…

Ұлы дала елі

Маңғыстау облысы Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан. Жер көлемі 165,6 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Аймақ халқының саны — 624 мың. Ауа райы күрт құбылмалы, шөлейт дала болғанымен, құм сахарасының арасында жұмақ аралындай көкпеңбек оазистер кездесіп жатады. Төрт құбыласы тең даңғыл, транспорттық әлеуеті зор, Қазақстанның теңіз қақпасы саналатын өлке өзінің экономикалық жетістіктерімен де мақтана алады. Орталығы — Ақтау қаласы.

Бекет ата кесенесі

Маңғыстау жері ІХ-ХІХ ғасыр­лар, тіпті, одан да ерте дәуір­лер­ге тән тарихи-мәдени жә­ді­гер­лер топтастырылған Қа­зақ­стан­дағы бірден-бір жер. Олар­­дың жиынтық атауын халық «362 әулие» деп атап кеткен. Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата, Сейсем ата секілді қасиетті орындар ғасырлар бойы халықтың рухани қажеттілігіне қызмет етіп келе жатыр. Қазақ мемлекеттілігінің мызғымас тірегі болған қастерлі есімдер талай ғасыр аунаса да, ұрпақ санасынан еш ұмытылмақ емес. Керісінше күн өткен сайын жаңарып, жаңғыруда.

20160219205729

Маңғыстау табиғаты мүлдем ерекше. Үстірт пен ойпатты иен жайлаған арқар, ақбөкен, қарақұйрық секілді 200-ден астам сирек сүтқоректілер бұл даланың мақтанышы болып табылады. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер халықаралық және қазақстандық Қызыл кітапқа енгізілген. Жусан, бұйырғын, күйреуік, сораң, жантақ, жыңғыл, қараған, қара сексеуіл сынды өсімдіктері ошаққа — от, малға — азық. Маңғыстау аспанының да  өз тіршілігі бар: солтүстіктен оңтүстікке қоныс аударатын жыл құстарының негізгі трассасы осы жер арқылы өтеді.

Фото: Андрей АСТАФЬЕВ, Ерболат ШАДРАХОВ

Билікөлдің бақытты балықшылары

$
0
0

_ysh3920

Көздің жауын алардай сұлулығын айтпағанда, суының тазағылы, табанындағы балдырының қалыңдығы мен балықтың сан түрінің тіршілік етуі бір Билікөлге тиесілі.

Жамбыл облысы аумағында орналасқан бұл көлге Аса өзені құяды. Жалпы аумағы 85 км² құрайтын көлдің ұзындығы 18 шақырымды құраса, ені 7,5 шақырымға тең. Су қорының көлемі 182 млн. м³, ең терең жері 8 метр.

_ysh3889

Ал, географиялық орналасуына келсек, ол Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының солтүстік-батысында 70 шақырым жерде Қаратаудың солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Абсолюттік биіктігі 438 м.

Жайпақ құм жағалауында қоға аралас қамыс өседі. Көлде сазан, шабақ, табан балық, ақ амур және майшабақ секілді балық түрлері бар. Көл суы егіс суаруға да пайдаланылады.

_ysh3739

Фото: Ерболат Шадрахов

Сырдария сыры

$
0
0

01

Қай елді мекен болмасын оның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзен-көлдердің орны ерекше. Су – тіршілік көзі, аймақтың экологиясы, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына ықпал етуші негізгі фактор. Сондықтан болар әлемдік талап бойынша адамның өмір сүруіне қолайлы қалалар тізіміне ену үшін қаланың қақ ортасын жарып өтетін кемінде бір өзеннің болуы шарт. Міне, еліміздегі сондай өзендердің бірі – Сырдария.

02

Жалпы ұзындығы 2219 шақырымды құрайтын бұл өзен басын қар жиегінен жоғары орналасқан 3300-4400 метр биіктіктегі Тянь-Шань тау сілемдерінен алады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқұм мен Арал Қарақұмының оңтүстігімен 1400 шақырым жерді басып өтіп, Арал теңізіне құяды. Суы көбіне гидрокарбанатты келетіндіктен еліміздегі ең лай өзендер қатарына жатқызылады.

03

Сырдария өзені Орталық Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан секілді төрт мемлекеттің территориясын басып өтетін жалғыз өзен.

04

Тарихи деректерге қарағанда, ертеде Сырдария бойына, ондағы тіршілікке қызыққан мемлекет басшылар, жаулаушылар, саяхатшылар мен ғалымдар бұл қарт өзенге түрліше атау берген. Ертеде гректер, қытайлар, парсылар мен еуропалықтар «яксарт», «сигун», «сейхун»,  «хужант» деп өз тілдеріне ыңғайлап айтып-жазған.

Фото: Ерболат Шадрахов


Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып…

$
0
0

01

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.

Зымырайды менің бала кезімдей,

Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей;

 

Көктемді қондырып қанатына,

Құс қайтып келеді Алматыма.

Ән толды аспанға,

Құс қонды жас талға.

02

Басқа басқа қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігінде құстарға, оның ішінде жыл құстарына ерекше мән берілген. Қазақ халқы құстарға арнап ән шығарған, өлең арнап, әлдебір шығармаларға атау берген, көркем және деректі фильмдер де түсірген. Жоғарыдағы мына екі әннің, екі шумағы соған дәлел.

03

Біздің елімізде құстардың 480 түрі мекендесе, солардың басым көпшілігі  – жыл құстары. Олар біздің жерімізге ұя салып, балапан басу үшін көктем айларында ұшып келіп, балапандарының қанаттары қатая күз айларында жылы жаққа ұшып кетеді.

04

Жыл құстарына: қоқиқаз, құтан, қарлығаш, бұлбұл, дегелек, жабайы үйрек, көкек, бірқазан, аққу, тырна және ләйлек құсы жатады.

05

Құстардың жылы жаққа ұшып кетуінің басты себебі күзде өзен-көлдердің бетіне мұз қатып, қорек қоры азаяды. Одан бөлек заңы қатал табиғатқа жыл құстарының физикалық дене-тұрқы шыдас бере бермейді. Ал көктемде олардың қайта оралатындығы – экватор сызығына жақын орналасқан Оңтүстік Азия және Африка мемлекеттерінде жаз айлары шамадан тыс ыстық болатындықтан құстардың жұмыртқалары шіріп кетеді. Сондықтан жыл құстары туған жеріне ең алдымен ұрпақ өрбіту үшін келеді.

06

Құстардың дене тұрқы мамықты, қанатты, ұшып жүрiп тiршiлiк ететiн, ұшпайтын, еттi және жүндi болып бөлінеді. Құстар орман-тоғайлы, сулы және далалы жерлерде, тау бөктерiнде тіршілік ететін жабайы және қолға үйретілген асыранды түрлерге бөлінеді.

Жалпы жер бетінде құстардың 9000 жуық түрі бар.

07

Фото: Анатолий Устиненко, Михаил Шпигельман, Ерболат Шадрахов

Есіл ағады, Есіл ағады…

$
0
0

01

Қазақстанда 85 мыңнан аса ірілі-ұсақты өзен болса, соның жетеуі ғана (Есіл, Ертіс, Жайық, Сырдария, Тобыл, Іле мен Шу) қазақ елінің мыңнан астам шақырым жерін басып өтеді. Соның ішінде бас қаламыз – Астананы қақ жарып өтетін бір ғана өзен бар,  ол – Есіл өзені. Оның ел аумағындағы ұзындығы 1400 шақырым.

02

Халықаралық талапқа сәйкес әр елдің астанасын кем дегенде бір өзен қақ жарып, ағып өтуі тиіс. Міне сол талаптың Елордамызда да орындалуына Есіл өзенінің тигізіп отырған пайдасы зор. Бұл өзен ару қаламыздың ажарын одан сайын көркейтіп, экологияға оң әсер ететіні былай тұрсын, қала қонақтары мен тұрғындары үшін жыл он екі ай таза ауамен тыныстап, аптап ыстықта өзенге шомылуға зор мүмкіндік туғызып отыр. Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде Кенесары айлағынан басталып, сол жағалауға дейін 45 минутқа созылатын туристік су жолы бар. Әсіресе, жыл он екі ай Есілге қармақ салған балықшылар үшін өзеннің орны бөлек. Бұл тұрғыдан алғанда, Есіл өзені шортан, тұқы, сазан, ақ шабағымен бай. Есілдің балық ресурстарын молайту мақсатында жыл сайын өзен бағалы балық түрлерімен толықтырылып отырады.

03

Есіл ресейлік Объ өзені жүйесіне жатады. Қазақстанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Ресейдің Тюмень, Омбы облыстарының жерімен ағады. Есілдің енінің көлемі 50-70 метрден аспайды, тереңдігі 2 метр ғана, алайда кей жерлерінде 18 метрге дейін жететін терең тұстары да кездеседі. Өзен ағысы баяу, бірақ 80%-дайы қар суымен толығатындықтан, көктемге салым деңгейі көтерілетін кездері байқалып қалады. Құрғақшылық жылдары суы азайып, тіпті, 1937 жылы арнасы кеуіп, ал 1936-1939 жылдар аралығында және 1986 жылы түбіне дейін қатып қалған. Су жинайтын алабы құрғақ болуына және жер асты суларының тұздылығына байланысты Есіл минералдылығы жоғары өзендердің қатарында.

04

05

06

07

Фото: Ерболат Шадрахов

Гүл патшасы –қызғалдақ

$
0
0

Әйгерім Бегімбет Шұбайқызыл қызғалдағы

Жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар бүкіл алқапты қызыл кілемге көмкеріп, жазиралы кең даланы одан сайын асқан сұлулық пен әсемдікке бөлейді. Және қызғалдақтар сәуір айының соңғы күндерінде ғана өсіп шығатындықтан өзіміздің төл мерекеміз – Наурыздың да символы іспетті.

Наурыз мейрамы қарсаңында көше бойына ілінетін баннерлерге, телеарналар мен газет-журнал беттерінде қызғалдақ фотосының жарияланып, бейнеленуі тегін емес. Себебі қазақ халқының түсінігінде бұл гүл – көктемнің, жаңа өмірдің, көрікті тіршіліктің жаршысы болып есептеледі.

Жер бетінде қызғалдақтың 120-дан астам түрі бар болса, олардың басым көпшілігі Шығыс Азия мен Оңтүстік Еуропа елдерінде кездеседі. Гүл өндірушілердің кейбірі ол гүлді тек сату үшін ғана өсірсе, қалғандары хош иісті парфюмериялық заттар жасауға пайдаланады екен. Ал біздің отандық мамандар бұл гүлдің «грейг» деген түрін бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға болатынын айтуда. «Грейгтің артықшылығы ол – 55 пайыз крахмал мен қанттан тұрады. Ал ондай сұйықтық ағзаға аса пайдалы», – дейді олар. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік нақ осы гүлдің ордасы саналады.

Ал жалпы қазақ жерінде қызғалдақтың отыздан астам түрі бар. Қызғалдақ гүлдерін Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасы мен Шу атырабынан кездестіреміз. Тіпті «Қызғалдақтар елі» атанып кеткен Нидерландтың өзінде нақ осы гүлдің түрлері осыншалық әркелкі емес. Соған қарамастан қызғалдақ гүлi нидерландтықтар арасында, аса қастерлі саналып,  жоғары бағаланады. Себебі олар жыл сайын қызғалдақ сатудан 500 миллион АҚШ доллар табыс табатынына қарағанда біз қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырғандаймыз. Сіз не дейсіз?

Фото: Әйгерім Бегімбет

Кемпірқосақ түстері

$
0
0

01

Әдетте біз күнді жарық түсіретін алып ғаламшар деп қана қабылдаймыз. Алайда, бұл ғаламшардың қалың көпшілік біле бермейтін басқа да құпиялары бар екен. Шын мәнінде күн сәулесінде біз білетін негізгі түстердің барлығы бар. Ондай түстер ел ішінде «кемпірқосақ» аталып кеткен табиғи құбылыстардан анық байқауға болады.

Кемпірқосақ – жауыннан кейін көрінетін ерекше құбылыс. Мұндай табиғи құбылыс әсіресе жауын жиі жауатын көктем айларында жиі көрінеді. Ал енді сол кемпірқосақтың қалай пайда болатынын біле жүрейік.

02

Күн сәулесі шыны немесе мөлдір заттан өткенде түрлі түске (қызыл, жасыл, көк, сары, күлгін) бөленіп, кемпірқоссақ тәрізді түске айналатыны белгілі. Ол  сәулені ғылым тілінде «призма» деп атайды. Ал сол призмадан өткен жіңішке жарық шоғыры «спектр» деп аталатын түрлі-түсті жолақтарға жіктеледі.

Кемпірқосақ дәл осындай спектр болып табылады. Біз оны жарық сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткен кезде көре аламыз. Сол жаңбыр тамшыларының арқасында күн сәулесі түрлі түске ажырап, күн сәулесі жауын бұлты астына түскенде (таңсәріде немесе кешқұрым уақытта) ғана көреміз.

03

Фото: Ерболат Шадрахов

Сексеуілдің қызуындай

$
0
0

01

Қазақтар сексеуіл ағашын қасиетті санайтындықтан оның томарын үйдің төбесіне шығарып қояды. Бұл ырым «жамандықтан, ауру-сырқаудан, сақтайды, төбеден жай түсірткізбейді» дегеннен шыққан.

Сексеуіл – ағаш тұқымдас өсімдік. Орталық Азия мен Араб елдерінде онға жуық түрі өссе, ал қазақ жерінде ол ағаштың «ақ», «қара» және «Зайсан сексеуілі» деп аталатын үш түрін кездестіреміз.

Сексеуілдер көбіне құмды, сортаң, әрі тақыр жерлерде өсуге бейiм. Ал оның тармақталған тамырлары жел соққан кездері сусымалы құмды торлап алып, құм көшін тоқтатады. Сексеуіл тамырының ұзынды 11 метрге дейін жетсе, биіктігі 7 метрден асады. Бұл ағаштың отқа жанғыштығы мен шоғының қызуы көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем түспейді.

Фото: Ерболат Шадрахов

Қоқиланған – қоқиқаз

$
0
0

Фото Біләл Арслан

Қоқиқаз – қырлы төсті құстар отрядына жататын сирек құстардың бірі. Олардың бойы жер бетінде бар құстардың ішінде ең биігі, ал аяқтары мен мойны ең ұзын. Дене тұрқы жабайы сарыала қазға ұқсайтындықтан оны кейбір қазақтар «қызылқаз» деп те атайды. Қораздарының бойы 120 сантиметрге, салмағы 4,5 килограммға дейін барады.  Тұмсығының екі жақ жиегіндегі тілімделген «тісшелері» қорек іздегенде сүзгіш қызметін атқарады. Қоқиқаздың ерекшелігі сол олар топтанып өмір сүреді және кей күндері бірнеше мыңы бір жерге жиналып алып, айналаны күлгін түске бояп тастағандай әсер қалдыратын кездері де болады. Ұзын мойнының пішіні латын тіліндегі «S» әріпі тәрізді иіліп, қоқиланып тұратындықтан «қоқиқаз» аталып кеткен. Олар көп жағдайда субтроптиктік аймақтарда тіршілік етеді. Орталық және Оңтүстік Америка, Африка елдері мен Еуразия континентінде бұл құстың 6 түрі тіршілік етеді. Ал біздің еліміздегі күлгін қоқиқаздарды Шалқар көлдері, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалаулары, Асаубалық, Қоқай, Есей, Қорғалжың, Сұлтангелді, Үлкен және Кіші Қараөткел секілді су айдындарынан көруге болады. Қоқиқаз қазақ жеріне наурыз-сәуір айларында ұшып келіп, қазан-қараша айларында жылы аймақтарға ұшып кетеді. Көбіне суы таяз, әрі өте тұзды көлдер мен теңіздерде тіршілік етіп, шаян, ұлу, балдырлар мен су өсімдіктерімен қоректенеді.

Қазақстандағы Қорғалжын қорығында қоқиқаздар арнайы заңменен қорғалып, Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген.

Фото: Біләл Арслан

Бат-бат құмға бат!

$
0
0

01

Кесіртке – жұмырбасты кесірткелер отрядына жатқызылады. Денесі қабыршақтанған ондай кесірткелер жер бетіндегі Антрактидан басқа барлық континетте мекендейді. Бұл жәндіктің 20 тұқымдасқа, 350 туысқа бірігетін 4 мыңнан астам түрі бар. Ал, Қазақстанда оның 6 тұқымдасы (жармасқы, ешкіемер, кесел, ұршықсап, жабысқақ, кәдімгі кесіртке) кең таралған.  Ел аумағында жиі кездесетін бат-бат кесірткесі негізінен Каспий теңізі мен Алакөл арасындағы шөлді аймақтарда тіршілік етеді.

Кесірткелердің көп түрі жерде жүретін болса, арасында бұтаға өрмейлейтіндері де, құмға батып кететіндері де бар. Солардың бірі – бат-бат кесірткесі.

02

Бат-бат кесірткесі денесінің ұзындығы 20 см, ал салмағы 43 гр. дейін барады. Артқа қарай ширатылған құйрығы түбінен ұшына қарай жіңішке, ұшы қара түсті келеді. Түсі тұтастай ашық сұрғылт, бауыры ақшыл түсті, алқымында қара жолақ болады. Бірінші нұсқада ол өзіне қауіп төнген сәтте тез арада «құмға сіңіп» кететіндіктен «бат-бат» деп аталып кетсе, екінші нұсқада оның терілі қатпарлары қатты керіліп, құлаққа ұқсап қалатындықтан «құлақты кесіртке» деп те атайды.

03-Фото Дмитрий Ругис

Кесірткелер – ауыл шаруашылығына зиянды шыбын-шіркей, жәндіктермен қоректеніп, диһандарға зор пайдасын тигізеді. Алайда олардың арасында әсіресе малға аса қауіпті ауру түрлерін жұқтыратындары да бар. Жәндіктің бұл түрлі жыл өткен сайын азайып бара жатуына байланысты Халықаралық табиғатты қорғау одағы мен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Фото: Дмитрий Ругис


Бақбақтың емі

$
0
0

01

Көктем келісімен әлемнің түкпір-түкпірінде қаулап өсетін кәдімгі бақбақ гүлінен тосап, шарап пен шипалы сусын жасап ішетін елдер де бар. Олардың ішінде бақбақты отбасы мүшелерін сәтсіздіктен қорғаушы, денсаулықты сақтаушы «күннің егізі» деп санайтындары да бар. Расымен де ол гүл күн шығыстан шыққанда шығысқа, төбеге келгенде басын тік көтеріп, ал күн ұясына батқанда жабылып қалатын қасиетке ие.

02

Бақбақ – астралы гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық гүл. Біздің елімізде ол гүлдің дәрілік бақбағы мен көксағыз бақбағын жиі кездестіруге (әлемде бақбақтың бір мыңға жуық түрі бар) болады. Бұл гүлдің қай түрі болмасын негізінен шалғынды, көгалды жерлер мен тау бөктерінде өседі.

Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, маусымда дәнектері піскен бойда желмен тарайды да, ал қураған тамыры мен сабақтары мал азығы ретінде пайдаланылады.

03

Ал оның құрамында С және В2 витаминімен қатар, кальций, фосфор, темір, магний және марганец секілді минералдар мол болғандықтан Швейцария, Чехия мен Францияда қолда өсіріледі. Бақбақтың сөлі тәбет ашып, ас қорыту жұмыс реттеп, қанды тазартса, ал одан жасалған тағам түрлері бауыр мен зат алмасу қызметін жақсартады.

04

Фото: Ерболат Шадрахов

Мешкей инелік

$
0
0

MBA_3471

Ғалымдар дүниедегі ең мешкей жәндік – инелік деген тоқтамға келді. Мәселен, күйенте деген инелік екі сағатта қырықтан астам шыбын, маса немесе сона секілді жәндікті жеп қоюға қауқарлы. Егер де ол арыстандай жыртқыш аңға бір сәтте айнала кетсе екі сағат ішінде бір сиырды тұтастай жеп қойған болар еді.

Инелік – жер бетіндегі ең көне, әрі кең тараған жыртқыш жәндіктер отрядына жатқызылады. Ол көбінесе тропиктік және субтропиктік белдеулерде кездеседі. Қанаттарының құрылысына қарай инеліктер: тең қанаттылар (Zygoptera), әртүрлі қанаттылар (Anisoptera) және Anisozygoptera (Жапония мен Үндістанда ғана кездеседі) болып бөлінеді. Әлемде инеліктердің 4500-ден астам түрі тіршілік етсе, Қазақстанда оның 7 түрі кең тараған.

Жалпы инеліктердің ұзындығы – 14-120 мм. аралығында болады. Оның үлкен фасетті көздері басының жоғарғы бөлігін толықтай алып жатыр.

Жұмыртқаларын суда өсетін өсімдіктердің сабағына салады. Қыстап шыққан дернәсілдері келесі жылы бірнеше мәрте түлегеннен кейін үлкен инелікке айналады.

Инеліктерді еліміздегі Қапал, Тентек, Ақсу, Қарқара және Текес секілді тау өзендері бойынан жиі кездестіруге болады.

Фото: Біләл Арслан

Кең дала санитары

$
0
0

қарсақ фото

Қазақстанның шөлді және шөлейтті жерлерінде мекендейтін қарсақ аңғарлы сайлар мен тау етектерінен жиі кездестіруге болады. Ол түлкі тұқымдасына кіретін жыртқыш аңдар қатарына жатады.

Дене тұрқы 50-55 сантиметр, құйрығы 30 сантиметрден асатын қарсақтың түлкіден басты айырмашылығы: құлағы ақ және тұмсығы сүйір болып келеді. Және жылына екі мәрте түлейді (көктем және жаз айларында).

Қарсақтың терісі бағалы болғандықтан оны аулайтындардың да қарасы қалың. Ол адамдарға қосымша табыс әкелгенімен құтыру мен оба секілді ауруларды тарататын жан-жануарлар қатарынан. «Сондықтан қарсақты аулап, ұстар аса сақ болу керек», – дейді кәсіби аңшылар.

Қарсақ негізінен тереңдігі 2 м., ұзындығы 6 м. дейін ін қазып алып тіршілік етеді. Ол кейде түлкі, борсық немесе суырдың ескі індерін де «баспана» ретінде пайдалана береді.

Оның негізгі қорегі – өлекселермен қатар тышқан, құмтышқан, сарышұнақ, суыр және қоян болғанымен ара-тұра тасбақа, жылан мен кесірткелерді де жей береді.

Қазақстанда қарсақтың 3 түрі мекендейді. Атап айтқанда, қарсақтың ең ірісі «Қазақстан қарсағы» орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда тіршілік етсе, «қалмақ қарсақты» Орал тауларының шөлді алқаптарынан кездестіруге болады. Ал үшінші түрі, ең ұсағы  «түркімен қарсағы» еліміздің оңтүстік-батыс, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында кеңінен тарған.

Фото: Михаил Шпигельман

Жусанның жұпар иісі

$
0
0

жусан фото

Кең далаға шығып, терең тыныстағаныңда тұнық ауа жаныңды рахатқа бөлейді. Айнала көкорай шалғын, көк майса. Сылдырап аққан су мен жайқалған шөп. Сондай әдемі көріністерге қарап тұрғаныңда маңдайыңды самал жел желпіп өткен бойда шөптің иісі мұрныңды жарып жіберердей болады. Және ол иіс жаныңа шабыт беріп, бойыңа қайрат-жігер дарытатындай. Шөптің аңқыған жұпар иісіне қанбағандар жусанды мұрнына тақап тұрып иіскейтінін қайтерсің..

 Бұл шөп көбінесе еліміздің Оңтүстігі, Оңтүстік Шығысы, Орталығы мен Батыс өңірлерінде жиі өседі. Олардың түрлері өскен топырағының ерекшелігіне қарай сұр, боз және жасыл болып келеді. Жалпы жусанның жер бетінде 81 түрі кездесе, ал қазақ жерінде ғана өсетін бір түрі дәрілік шөп ретінде ерекше бағаланады. Атап айтар болсақ, ол шөп ұйқысыздыққа ұшырағанда, тіс иегі қақсағанда, апатияға тап болғандар мен тыныс жолдары ауыратындарға таптырмас ем.

Жусанның биіктігі 10-60 сантиметр аралығында болса, арасында жерге жайылып өсетіндері де бар. Жусан – мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық және витаминді болып бөлінеді.

Фото: Ерболат Шадрахов

Айт сырыңды, ақ қайың!

$
0
0

_YSH0310 1

Мың бұрала майысқан ақ қайыңдар талай ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болғаны сөзсіз. Себебі ақ қайың әсемдік пен нәзіктіктің, сұлулық пен тәккаппарлықтың символы іспетті. Одан бөлек ақ қайыңның адам баласына тигізер әсері, эстетикалық ләззаты ұшан – теңіз.

Жалпы ақ қайыңның сыртқы қабығы толықтай ақ, ақшыл қызыл және қара-ала түсті болып бөлінеді. Және ол ағаш орта есеппен 150-300 жылға дейін өмір сүрсе, ал биіктігі 25-30 метрге дейін жетеді.

Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай, салқын бөліктерінде өседі. Жер бетінде қайыңның 6 туысы, 200-ге жуық түрі кездессе, қазақ жерінде оның 17 түрі кең тараған.

Қайыңның сөлі – адам денсаулығына аса пайдалы сусын болып саналады. Оның дәмділігін былай қойғанда, әртүрлі ауруларға қарсы шипалық қасиеті және бар.

Фото: Ерболат Шадрахов

Viewing all 146 articles
Browse latest View live