Quantcast
Channel: Табиғат | National Geographic Qazaqstan
Viewing all 146 articles
Browse latest View live

Каспидің амфибия тасбақалары

$
0
0

01

Жер бетінде теңіз тасбақаларының бірнеше ондаған түрі мекендесе (тасбақаның 300-ден астам түрі бар), соның біреуін қазақ жерінен кезтестіруге болады. Азиялық теңіз тасбақалары тұқымдасына жатқызылатын ол бауырымен жорғалаушы Қазақстан, Түркменстан мен Дағыстанда мекендейді. «Mauremys caspica» (каспий тасбақасы) деген ғылыми атауға ие бұл тасбақа құрғақта да, суда да бірдей өмір сүре беретіндігімен (амфибия) ерекшеленеді.

05

 

Жалпы теңіз тасбақаларының аяқтары ескек тәрізді болғандықтан алақаны мен табан сүйектері жалпақ және доғал болып келеді. Ондай тасбақалар ішіндегі ең үлкені саналатын терілі тасбақа (Dermochelіs corіacea) сауытының ұзындығы 2 метрден асса, ал салмағы 600 килограммға дейін (Chelonіa mydas) жетеді. Ал «мускус» деп аталатын ең кішкентай тасбақаның салмағы  250 гр., ұзындығы 7,5 сантиметрден аспайды екен. Mauremys caspica тасбақасының ұзындығы 30 сантиметр, салмағы бір килограмм шамасында болады.

06

Теңіз тасбақалары орта есеппен 120-150 жыл өмір сүреді.

Фото: Ерболат Шадрахов


Күйкентайдан қашқан торғайым-ай!

$
0
0

01

Күйкентай – сұңқар тектес жыртқыш құстар қатарына жатқызылады. Қазақ жерінде оның екі түрі кездеседі: дала күйкентайы және кәдігімгі күйкентай. Дене тұрқы 29-33 см. болса, қанатының ұзындығы 23-28 см. аралығында болады. Ұябасарының салмағы 190-280 грамға дейін жетеді.

02

Ұясын жартасқа немесе ағаш басына салып, мамыр айында бурыл, сарғылт түсті 2-6 дана жұртқа басып шығарады. Күйкентайдың ерекшелігі – ол да сұңқар тәрізді жемін ауада ұшып жүрген жерінен іле алады. Оны кейбір адамдар егіс алқаптарын торғай секілді майда құстар мен жәндіктерден қорғау үшін арнайы алдыртып, пайдаланады екен. Содан болса керек қазақтар панасызды, жағдай тым нашар жандарды «күйкентайдан қашқан торғайға» теңейтіні бар.

03

Күзді күндері жылы жаққа ұшып кетіп, сәуір айында ұшып келеді. Жылқұстары жылы жаққа ұшқанда кейбір күйкентайлар Қазақстанның орталығы (Наурызым қорығында) мен Орталық Азияда қалып қойса, ал басым көпшілігі Африка елдері аумағында қыстап шығады.

Фото: Дмитрий Ругис

Құстың да жай құсы емес, Тауыс құсы

$
0
0

IMG_6865

Тауыс құсы (павлин) – жер бетіндегі ең әдемі құстардың көшін бастап тұр. Ол туралы талай рет айтылып та, жазылып та жүр. Ал осы құстың неге ерекше әдемі болып көрінетінін зерттеп көрген Қытайдың FUDAN университетінің ғалымдары «бар гәп құстың бойындағы пигменттер мен бояулардың құрылымында» деп жазған.

Олардың жазуынша, тауыстың денесінде тек өзіне ғана тән бояу шығаратын қосымша ағзасы бар. Оның қауырсындары көк, ашық көк, жасыл, күлгін, алтын түсті сары, қоңыр және қызғылт болып сан түске боялатындығы сондықтан. «Ал қауырсын бойындағы жан-жаққа тармақталатын «бұтақшалардың» әрқайсысы кристал құрылымдарынан, меланин мен кератин ақуызынан құралған», – дейді олар.

Ол құсты басқа құстардан ерекшелеп, тартымды ететіні оның алып желдеткіш секілді қанаттары м ен жамбас тұсында орналасқан қауырсыны болса керек. Кейбір тауыстың  қауырсыны 2 метрге дейін жетсе, дене тұрқы 100-125 сантиметрден биік болады.

Қырғауыл тұқымдасына жататын тауыс құсы жауын жауар алдында немесе қатердің төнгенін сезген бойда мысықтың дауысына салып, сақтық шараларын жасайды.

Тауыс құсы алғаш рет Үндістанда қолға үйретілген екен. Қазір осы елдің нышаны, әрі символы іспетті.

Фото: Біләл Арслан

Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) дұшпаннан қорғап қалған өрмекші

$
0
0

01

Мұсылмандар үшін өрмекшінің орны бөлек. Себебі ислам дінінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға һижрет етіп бара жатып, Хира үңгіріне жасырынғаны туралы дерек бар. Сонда Алла Тағала өрмекшіге қысқа уақыт ішінде тор тоқуға әмір етеді. Сол кезде Пайғамбарымыздың ізіне түскен мүшріктер мен әскерилер үңгірдің аузына келіп тұрып, өрмекшінің торын көреді де мұнда ешкім жоқ деген оймен кері кетіп қалған деседі.

Ғалымдар өрмекші жібінің беріктігі мен сапалылығы жөнінде айтады. Өрмекшінің жібі темірге қарағанда алты есеге дейін берік болады екен.

02

Бүгінде жер бетінде өрмекшінің 3000-ға жуық түрі бар. Олардың ішінде адам алақанына симайтын алып өрмекші де, көзге әрең көрінетін май өрмекші және мүлде тор тоқымайтын түрлері де бар. Мысалы, Оңтүстік Америкада тышқан, торғайлармен қоректенетіні, адамды шақса өлтіріп жіберетін түрлері бар. Ондай өрмекшіні қазақтар «бүйі» десе, жергілікті халық «тарантул» дейді.

Мына фотодағы өрмекшінің қазақтар «Айқышты өрмекші» (лат. Araneus) деп атайды. «Айқышты өрмекші» Қазақстанның оңтүстігі және Оңтүстік Батысындағы шөлейтті алқаптарды мекендейді. Дене тұрқы 17-26 мм. аралығында болады. Денесінде ақ және ақшыл-қоңыр түсті дақтар крест белгісіне ұқсас орналасқан.

03

Айқышты аса улы жәндіктерге жатпайды. У-ы адам үшін де, мал үшін қауіпсіз болғанымен, сезім органдары өте жақсы дамыған. Оның 8 көзі бар, дана жыныстылар қатарына жатады.

Жалпы Қазақстанда өрмекшінің 30-ға жуық түрін кездестіруге болады.

Фото: Ерболат Шадрахов

Хас сұлуым –қарлығашым

$
0
0

01

Қазақтар қыздарына «Қарлығаш» деген есімді бекер қоймаса керек. Себебі біздің ата-бабаларымыз басқа басқа бұл құсты ежелден ерекше қастерлеп, ұясын бұзбаған. Себебі жер бетінде қарлығаштан асқан қимылы ширақ, өзі ақылды, әрі еңбекқор құс болмаса керек. Оның үстіне ел ішінде қарлығаш туралы аңыздар мен ертегілер, жұмбақтар мен мақал-мәтел жетерлік. Оған «Қарлығаштық құйрығы неге айыр?» ертегісі мен Төле бидің қалай «Қарлығаш би» атанғаны дәлел. Ол құсқа қатысты ырым-жоралғылар да жоқ емес. Мәселен, қарлығаш биікке ұшса – күн ашық болады, жер бауырлап ұшса – жауын жауады деп болжаған. Ал қарлығаш жылы жақтан орала сала қораға қонса, қой егіз туады, үйдің жақтауына немесе шатырына қонса сол үйдің жан басы көбейеді деп ұққан.

02

Қарлығаш – айыр құйрықты, шағын денелі торғайлар отрядына жататын хас сұлу құс. Дене тұрқы қара ала, бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр болып келеді. Оның басқа құстардан басты айырмашылығы – жемін ұшып жүріп ұстаса, суды да ұшып жүріп ішетіндігі. Арктика мен Антарктидан басқа жердің барлығында мекендейді.

Күзде Африка мен Оңтүстік Азияға ұшып кетеді. Ұясын топырақ пен сазды сілекейлеп отырып қалап, ішіне майда шөп, қауырсын мен түрлі мамық заттар төсейді.

03

Жалпы жер бетінде қарлығаштың 80 түрі кездессе, соның 5 түрі өз еліміздің аумағында мекендейді. Олар: жар, құз, қос реңді, сепкілтөс және кент қарлығашы болып бөлінеді.

Қарлығаштар жылына екі рет балапан басып шығарады да, әр басқанда 3-тен 7-ге дейін жұмыртқа салады. Өздері жем іздеуге кеткенде балапандары ұядан құлап кетпеуі үшін аяқтарын қылмен байлап кетіп отырады.

04

Фото: Ерболат Шадрахов

Бал арасының балы

$
0
0

01 Шпигельман ара

Бал арасы балға қажетті шірне мен тозаң жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Және ол қызметті «жұмысшы» аралар ғана атқарады. Олар ұясынан ондаған шақырым жерге ұзап кетсе де, ұясын адаспай табады.

«Жұмысшы» аралар бір шыққанда өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Балдың сорты ара қонған өсімдіктердің түріне қарай әртүрлі болып аталады.

Бал арасы ұясын тек алты бұрышты пішінде ғана жасайтыны белгілі. Ғалымдар бал арасының ұясы неге тек алты бұрышты ғана болатынын анықтап көрген. Олар сондай-ақ, ұяның алты бұрышты болуының себебі ондай ұяға материал аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы жоғары болатынын айтып отыр.

Бал арасы – (Apіs mellіfera) жарғаққанаттылар отрядына жатады. Араның ол түрі Қазақстанның барлық өңірінде кездестеді. Бір ұяда бір аналық, бірнеше жүз еркек ара және бірнеше ондаған мың «жұмысшы» ара тіршілік етеді. Ұрғашы ара бір тәулікте 2-3 мың, бір маусымда 200 мыңға дейін жұмыртқа салады.

Ара балынан бал, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және медицинада кеңінен пайдаланылатын ара желімі (прополис) алынады.

Жалпы жер бетінде араның 20 мыңға жуық түрі мекендесе, солардың мыңға жуығы ғана ұжымдаса, ымырада өмір сүреді.

Фото: Михаил Шпигельман

Оңтүстіктің маржаны – «Сайрам-Өгем»

$
0
0

01

«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Тянь Шань», «Өгем», «Қаржантау», «Боралдай» және «Талас Алатауы» тауларының түйіскен жерінде орналасқан. Парк аумағымен «Өгем», «Сайрамсу», «Қасқасу», «Біркөлік», «Машат», «Даубаба» және «Көкбұлақ» өзені ағып өтсе, онда өсімдіктің 1635, сүтқоректілердің 59 және құстардың 300-ге жуық түрін кездестіруге болады.

Парктің шығыс бөлігі жабайы алма, алмұрт, жүзім, грек жаңғағы, пияз, қарақат пен қызғалдақ гүлі қаулап өсетіндігімен ерекшеленеді. Онда сондай-ақ, аю, қар барысы, сілеусін, қасқыр, тау ешкі және басқа да жан-жануар кездеседі.

02

Оңтүстік Қазақстандағы Қазығұрт, Төле би және Түлкібас ауданын қатар алып жатқан Парк аумағында тарихи  ескерткіштерді, петроглифтер мен көне дәуірге тиесілі қоныс орындарының іздері жетерлік. Паркте жазықтағы шөл даладан бастап, басын қар басқан тауларға дейін жүріп өтсеңіз табиғаттың сан алуандығына көз жеткізесіз.

Сайрам шыңы қорықтағы ең биік шың (4236 метр) болса, «Мақпал көлі» 2100 биіктікте орналасқан.

03

Парк аумағына туристер үшін 6 демалыс үйі, бірнеше киіз үй және 90-ға жуық демалыс алаңқайы жұмыс істейді. Одан бөлек 10 туристік соқпақ және міністегі 20-ға жуық ат табиғатты тамашалаймын дегендерге қызмет көрсетеді.

Фотоны «Сайрам-Өгем» МҰТП ұсынды

Тұзбайырда «күннің өзі тұзды»

$
0
0

01

Ғалымдардың айтуынша, бүгінгі Маңғыстау жері жүздеген миллион жыл бұрын  Лавразия мен Гондвана суперконтиненттерінің арасын алып жатқан Тетис мұхитының табаны болған. Оған сол алқапта ара-тұра табыла кететін акулалардың қаңқасы мен тістері дәлел. Кейін қайтқан сулар бор куэсталарын, құздар мен ойпаттарды түзіп, жұмсақ жыныстарды шайып кеткенде ол жерде үстірт, шатқалдар мен жыралармен бірге Тұзбайыр соры да пайда болған деседі.

02

Тұзбайыр соры – Үстірттің Батыс шыңдарынан шығысқа, ал Манат тарихи дөңінен оңтүстікке қарайғы алаңқайды алып жатыр.

Жергілікті халық «Тұзбайырда күннің өзі тұзды» деп қалжыңдайтыны бекер емес, себебі ондағы шақпақ тастар мен түрлі минералдар күн сәулесін одан сайын жарқырата түсетіндей.

03

Фото: Ерболат Шадрахов


Әмбебап қамыс

$
0
0

01

Қамыс – қияқ тұқымдасына жататын әлемде ең көп таралған өсімдік. Көбіне ылғалды жерлер, су арналары мен жағалауларда өседі. Жер бетінде қамыстың 250 астам түрі кездессе, соның 14 түрі біздің елімізде өседі. Оның жиі кездесетін түрін қазақ халқы «көл қамысы» немесе «қоға» деп атайды. Қамыстың биіктігі орта есеппен екі жарым метрге дейін жетсе, ал оның төсемелі тамыры бірнеше метр тереңдікте жайылып өседі. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартып, судың мөлдірлігін де сақтауға көмектеседі. Ал сабағы жұмыр, іші қуыс және бунақты болып келеді.

02

03

Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін таптырмас азық саналады. Қамыстан себет тоқылып, тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар жасалады. Ал химиялық жолмен өңдесе одан шайыр, метил спирті, сірке қышқылымен қатар қағаз да жасалады. Кейбір тропиктік елдердің халқы құрылысқа жаппай қамысты пайданалып, қайық та жасайды.

04

Фото: Ерболат Шадрахов

Үшқоңыр ма, WindowsXP ме?..

$
0
0

Алатауым-асқар тауым

Үшқоңыр – табиғаты ғажап, құт қонған мекен. Алматы облысында Майтөбе тауының шығысында, Аршалы кезең асуының солтүстік баурайында жатқан Үшқоңырды батысында Ұзынқарғалы, шығысында Шамалған өзендері ағып өтеді.

Жазғытұрым мезгілде түсірілген бұл фотоның басты ерекшелігі – WindowsXP бағдарламасындағы басқы бетті көз алдыңызға елестетеді. Сурет бұлтты күні кешқұрым телеобъективпен түсірілген. Үшқоңыр төбесінің арғы жағында Іле Алатауының аспанмен астасқан шыңдары көрінеді.

Суретті түсірген: Максим Золотухин

Билікөлдің бақытты балықшылары

$
0
0

_ysh3920

Көздің жауын алардай сұлулығын айтпағанда, суының тазағылы, табанындағы балдырының қалыңдығы мен балықтың сан түрінің тіршілік етуі бір Билікөлге тиесілі.

Жамбыл облысы аумағында орналасқан бұл көлге Аса өзені құяды. Жалпы аумағы 85 км² құрайтын көлдің ұзындығы 18 шақырымды құраса, ені 7,5 шақырымға тең. Су қорының көлемі 182 млн. м³, ең терең жері 8 метр.

_ysh3889

Ал, географиялық орналасуына келсек, ол Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының солтүстік-батысында 70 шақырым жерде Қаратаудың солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Абсолюттік биіктігі 438 м.

Жайпақ құм жағалауында қоға аралас қамыс өседі. Көлде сазан, шабақ, табан балық, ақ амур және майшабақ секілді балық түрлері бар. Көл суы егіс суаруға да пайдаланылады.

_ysh3739

Фото: Ерболат Шадрахов

Сырдария сыры

$
0
0

01

Қай елді мекен болмасын оның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзен-көлдердің орны ерекше. Су – тіршілік көзі, аймақтың экологиясы, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына ықпал етуші негізгі фактор. Сондықтан болар әлемдік талап бойынша адамның өмір сүруіне қолайлы қалалар тізіміне ену үшін қаланың қақ ортасын жарып өтетін кемінде бір өзеннің болуы шарт. Міне, еліміздегі сондай өзендердің бірі – Сырдария.

02

Жалпы ұзындығы 2219 шақырымды құрайтын бұл өзен басын қар жиегінен жоғары орналасқан 3300-4400 метр биіктіктегі Тянь-Шань тау сілемдерінен алады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқұм мен Арал Қарақұмының оңтүстігімен 1400 шақырым жерді басып өтіп, Арал теңізіне құяды. Суы көбіне гидрокарбанатты келетіндіктен еліміздегі ең лай өзендер қатарына жатқызылады.

03

Сырдария өзені Орталық Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан секілді төрт мемлекеттің территориясын басып өтетін жалғыз өзен.

04

Тарихи деректерге қарағанда, ертеде Сырдария бойына, ондағы тіршілікке қызыққан мемлекет басшылар, жаулаушылар, саяхатшылар мен ғалымдар бұл қарт өзенге түрліше атау берген. Ертеде гректер, қытайлар, парсылар мен еуропалықтар «яксарт», «сигун», «сейхун»,  «хужант» деп өз тілдеріне ыңғайлап айтып-жазған.

Фото: Ерболат Шадрахов

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып…

$
0
0

01

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.

Зымырайды менің бала кезімдей,

Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей;

 

Көктемді қондырып қанатына,

Құс қайтып келеді Алматыма.

Ән толды аспанға,

Құс қонды жас талға.

02

Басқа басқа қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігінде құстарға, оның ішінде жыл құстарына ерекше мән берілген. Қазақ халқы құстарға арнап ән шығарған, өлең арнап, әлдебір шығармаларға атау берген, көркем және деректі фильмдер де түсірген. Жоғарыдағы мына екі әннің, екі шумағы соған дәлел.

03

Біздің елімізде құстардың 480 түрі мекендесе, солардың басым көпшілігі  – жыл құстары. Олар біздің жерімізге ұя салып, балапан басу үшін көктем айларында ұшып келіп, балапандарының қанаттары қатая күз айларында жылы жаққа ұшып кетеді.

04

Жыл құстарына: қоқиқаз, құтан, қарлығаш, бұлбұл, дегелек, жабайы үйрек, көкек, бірқазан, аққу, тырна және ләйлек құсы жатады.

05

Құстардың жылы жаққа ұшып кетуінің басты себебі күзде өзен-көлдердің бетіне мұз қатып, қорек қоры азаяды. Одан бөлек заңы қатал табиғатқа жыл құстарының физикалық дене-тұрқы шыдас бере бермейді. Ал көктемде олардың қайта оралатындығы – экватор сызығына жақын орналасқан Оңтүстік Азия және Африка мемлекеттерінде жаз айлары шамадан тыс ыстық болатындықтан құстардың жұмыртқалары шіріп кетеді. Сондықтан жыл құстары туған жеріне ең алдымен ұрпақ өрбіту үшін келеді.

06

Құстардың дене тұрқы мамықты, қанатты, ұшып жүрiп тiршiлiк ететiн, ұшпайтын, еттi және жүндi болып бөлінеді. Құстар орман-тоғайлы, сулы және далалы жерлерде, тау бөктерiнде тіршілік ететін жабайы және қолға үйретілген асыранды түрлерге бөлінеді.

Жалпы жер бетінде құстардың 9000 жуық түрі бар.

07

Фото: Анатолий Устиненко, Михаил Шпигельман, Ерболат Шадрахов

Есіл ағады, Есіл ағады…

$
0
0

01

Қазақстанда 85 мыңнан аса ірілі-ұсақты өзен болса, соның жетеуі ғана (Есіл, Ертіс, Жайық, Сырдария, Тобыл, Іле мен Шу) қазақ елінің мыңнан астам шақырым жерін басып өтеді. Соның ішінде бас қаламыз – Астананы қақ жарып өтетін бір ғана өзен бар,  ол – Есіл өзені. Оның ел аумағындағы ұзындығы 1400 шақырым.

02

Халықаралық талапқа сәйкес әр елдің астанасын кем дегенде бір өзен қақ жарып, ағып өтуі тиіс. Міне сол талаптың Елордамызда да орындалуына Есіл өзенінің тигізіп отырған пайдасы зор. Бұл өзен ару қаламыздың ажарын одан сайын көркейтіп, экологияға оң әсер ететіні былай тұрсын, қала қонақтары мен тұрғындары үшін жыл он екі ай таза ауамен тыныстап, аптап ыстықта өзенге шомылуға зор мүмкіндік туғызып отыр. Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде Кенесары айлағынан басталып, сол жағалауға дейін 45 минутқа созылатын туристік су жолы бар. Әсіресе, жыл он екі ай Есілге қармақ салған балықшылар үшін өзеннің орны бөлек. Бұл тұрғыдан алғанда, Есіл өзені шортан, тұқы, сазан, ақ шабағымен бай. Есілдің балық ресурстарын молайту мақсатында жыл сайын өзен бағалы балық түрлерімен толықтырылып отырады.

03

Есіл ресейлік Объ өзені жүйесіне жатады. Қазақстанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Ресейдің Тюмень, Омбы облыстарының жерімен ағады. Есілдің енінің көлемі 50-70 метрден аспайды, тереңдігі 2 метр ғана, алайда кей жерлерінде 18 метрге дейін жететін терең тұстары да кездеседі. Өзен ағысы баяу, бірақ 80%-дайы қар суымен толығатындықтан, көктемге салым деңгейі көтерілетін кездері байқалып қалады. Құрғақшылық жылдары суы азайып, тіпті, 1937 жылы арнасы кеуіп, ал 1936-1939 жылдар аралығында және 1986 жылы түбіне дейін қатып қалған. Су жинайтын алабы құрғақ болуына және жер асты суларының тұздылығына байланысты Есіл минералдылығы жоғары өзендердің қатарында.

04

05

06

07

Фото: Ерболат Шадрахов

Гүл патшасы –қызғалдақ

$
0
0

Әйгерім Бегімбет Шұбайқызыл қызғалдағы

Жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар бүкіл алқапты қызыл кілемге көмкеріп, жазиралы кең даланы одан сайын асқан сұлулық пен әсемдікке бөлейді. Және қызғалдақтар сәуір айының соңғы күндерінде ғана өсіп шығатындықтан өзіміздің төл мерекеміз – Наурыздың да символы іспетті.

Наурыз мейрамы қарсаңында көше бойына ілінетін баннерлерге, телеарналар мен газет-журнал беттерінде қызғалдақ фотосының жарияланып, бейнеленуі тегін емес. Себебі қазақ халқының түсінігінде бұл гүл – көктемнің, жаңа өмірдің, көрікті тіршіліктің жаршысы болып есептеледі.

Жер бетінде қызғалдақтың 120-дан астам түрі бар болса, олардың басым көпшілігі Шығыс Азия мен Оңтүстік Еуропа елдерінде кездеседі. Гүл өндірушілердің кейбірі ол гүлді тек сату үшін ғана өсірсе, қалғандары хош иісті парфюмериялық заттар жасауға пайдаланады екен. Ал біздің отандық мамандар бұл гүлдің «грейг» деген түрін бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға болатынын айтуда. «Грейгтің артықшылығы ол – 55 пайыз крахмал мен қанттан тұрады. Ал ондай сұйықтық ағзаға аса пайдалы», – дейді олар. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік нақ осы гүлдің ордасы саналады.

Ал жалпы қазақ жерінде қызғалдақтың отыздан астам түрі бар. Қызғалдақ гүлдерін Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасы мен Шу атырабынан кездестіреміз. Тіпті «Қызғалдақтар елі» атанып кеткен Нидерландтың өзінде нақ осы гүлдің түрлері осыншалық әркелкі емес. Соған қарамастан қызғалдақ гүлi нидерландтықтар арасында, аса қастерлі саналып,  жоғары бағаланады. Себебі олар жыл сайын қызғалдақ сатудан 500 миллион АҚШ доллар табыс табатынына қарағанда біз қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырғандаймыз. Сіз не дейсіз?

Фото: Әйгерім Бегімбет


Кемпірқосақ түстері

$
0
0

01

Әдетте біз күнді жарық түсіретін алып ғаламшар деп қана қабылдаймыз. Алайда, бұл ғаламшардың қалың көпшілік біле бермейтін басқа да құпиялары бар екен. Шын мәнінде күн сәулесінде біз білетін негізгі түстердің барлығы бар. Ондай түстер ел ішінде «кемпірқосақ» аталып кеткен табиғи құбылыстардан анық байқауға болады.

Кемпірқосақ – жауыннан кейін көрінетін ерекше құбылыс. Мұндай табиғи құбылыс әсіресе жауын жиі жауатын көктем айларында жиі көрінеді. Ал енді сол кемпірқосақтың қалай пайда болатынын біле жүрейік.

02

Күн сәулесі шыны немесе мөлдір заттан өткенде түрлі түске (қызыл, жасыл, көк, сары, күлгін) бөленіп, кемпірқоссақ тәрізді түске айналатыны белгілі. Ол  сәулені ғылым тілінде «призма» деп атайды. Ал сол призмадан өткен жіңішке жарық шоғыры «спектр» деп аталатын түрлі-түсті жолақтарға жіктеледі.

Кемпірқосақ дәл осындай спектр болып табылады. Біз оны жарық сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткен кезде көре аламыз. Сол жаңбыр тамшыларының арқасында күн сәулесі түрлі түске ажырап, күн сәулесі жауын бұлты астына түскенде (таңсәріде немесе кешқұрым уақытта) ғана көреміз.

03

Фото: Ерболат Шадрахов

Сексеуілдің қызуындай

$
0
0

01

Қазақтар сексеуіл ағашын қасиетті санайтындықтан оның томарын үйдің төбесіне шығарып қояды. Бұл ырым «жамандықтан, ауру-сырқаудан, сақтайды, төбеден жай түсірткізбейді» дегеннен шыққан.

Сексеуіл – ағаш тұқымдас өсімдік. Орталық Азия мен Араб елдерінде онға жуық түрі өссе, ал қазақ жерінде ол ағаштың «ақ», «қара» және «Зайсан сексеуілі» деп аталатын үш түрін кездестіреміз.

Сексеуілдер көбіне құмды, сортаң, әрі тақыр жерлерде өсуге бейiм. Ал оның тармақталған тамырлары жел соққан кездері сусымалы құмды торлап алып, құм көшін тоқтатады. Сексеуіл тамырының ұзынды 11 метрге дейін жетсе, биіктігі 7 метрден асады. Бұл ағаштың отқа жанғыштығы мен шоғының қызуы көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем түспейді.

Фото: Ерболат Шадрахов

Қоқиланған – қоқиқаз

$
0
0

Фото Біләл Арслан

Қоқиқаз – қырлы төсті құстар отрядына жататын сирек құстардың бірі. Олардың бойы жер бетінде бар құстардың ішінде ең биігі, ал аяқтары мен мойны ең ұзын. Дене тұрқы жабайы сарыала қазға ұқсайтындықтан оны кейбір қазақтар «қызылқаз» деп те атайды. Қораздарының бойы 120 сантиметрге, салмағы 4,5 килограммға дейін барады.  Тұмсығының екі жақ жиегіндегі тілімделген «тісшелері» қорек іздегенде сүзгіш қызметін атқарады. Қоқиқаздың ерекшелігі сол олар топтанып өмір сүреді және кей күндері бірнеше мыңы бір жерге жиналып алып, айналаны күлгін түске бояп тастағандай әсер қалдыратын кездері де болады. Ұзын мойнының пішіні латын тіліндегі «S» әріпі тәрізді иіліп, қоқиланып тұратындықтан «қоқиқаз» аталып кеткен. Олар көп жағдайда субтроптиктік аймақтарда тіршілік етеді. Орталық және Оңтүстік Америка, Африка елдері мен Еуразия континентінде бұл құстың 6 түрі тіршілік етеді. Ал біздің еліміздегі күлгін қоқиқаздарды Шалқар көлдері, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалаулары, Асаубалық, Қоқай, Есей, Қорғалжың, Сұлтангелді, Үлкен және Кіші Қараөткел секілді су айдындарынан көруге болады. Қоқиқаз қазақ жеріне наурыз-сәуір айларында ұшып келіп, қазан-қараша айларында жылы аймақтарға ұшып кетеді. Көбіне суы таяз, әрі өте тұзды көлдер мен теңіздерде тіршілік етіп, шаян, ұлу, балдырлар мен су өсімдіктерімен қоректенеді.

Қазақстандағы Қорғалжын қорығында қоқиқаздар арнайы заңменен қорғалып, Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген.

Фото: Біләл Арслан

Бат-бат құмға бат!

$
0
0

01

Кесіртке – жұмырбасты кесірткелер отрядына жатқызылады. Денесі қабыршақтанған ондай кесірткелер жер бетіндегі Антрактидан басқа барлық континетте мекендейді. Бұл жәндіктің 20 тұқымдасқа, 350 туысқа бірігетін 4 мыңнан астам түрі бар. Ал, Қазақстанда оның 6 тұқымдасы (жармасқы, ешкіемер, кесел, ұршықсап, жабысқақ, кәдімгі кесіртке) кең таралған.  Ел аумағында жиі кездесетін бат-бат кесірткесі негізінен Каспий теңізі мен Алакөл арасындағы шөлді аймақтарда тіршілік етеді.

Кесірткелердің көп түрі жерде жүретін болса, арасында бұтаға өрмейлейтіндері де, құмға батып кететіндері де бар. Солардың бірі – бат-бат кесірткесі.

02

Бат-бат кесірткесі денесінің ұзындығы 20 см, ал салмағы 43 гр. дейін барады. Артқа қарай ширатылған құйрығы түбінен ұшына қарай жіңішке, ұшы қара түсті келеді. Түсі тұтастай ашық сұрғылт, бауыры ақшыл түсті, алқымында қара жолақ болады. Бірінші нұсқада ол өзіне қауіп төнген сәтте тез арада «құмға сіңіп» кететіндіктен «бат-бат» деп аталып кетсе, екінші нұсқада оның терілі қатпарлары қатты керіліп, құлаққа ұқсап қалатындықтан «құлақты кесіртке» деп те атайды.

03-Фото Дмитрий Ругис

Кесірткелер – ауыл шаруашылығына зиянды шыбын-шіркей, жәндіктермен қоректеніп, диһандарға зор пайдасын тигізеді. Алайда олардың арасында әсіресе малға аса қауіпті ауру түрлерін жұқтыратындары да бар. Жәндіктің бұл түрлі жыл өткен сайын азайып бара жатуына байланысты Халықаралық табиғатты қорғау одағы мен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Фото: Дмитрий Ругис

Бақбақтың емі

$
0
0

01

Көктем келісімен әлемнің түкпір-түкпірінде қаулап өсетін кәдімгі бақбақ гүлінен тосап, шарап пен шипалы сусын жасап ішетін елдер де баршылық. Олардың ішінде бақбақты отбасы мүшелерін сәтсіздіктен қорғаушы, денсаулықты сақтаушы «күннің егізі» деп санайтындары да бар. Расымен де ол гүл күн шығыстан шыққанда шығысқа, төбеге келгенде басын тік көтеріп, ал күн ұясына батқанда жабылып қалатын қасиетке ие.

02

Бақбақ – астралы гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық гүл. Біздің елімізде ол гүлдің дәрілік бақбағы мен көксағыз бақбағын жиі кездестіруге (әлемде бақбақтың бір мыңға жуық түрі бар) болады. Бұл гүлдің қай түрі болмасын негізінен шалғынды, көгалды жерлер мен тау бөктерінде өседі.

Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, маусымда дәнектері піскен бойда желмен тарайды да, ал қураған тамыры мен сабақтары мал азығы ретінде пайдаланылады.

03

Ал оның құрамында С және В2 витаминімен қатар, кальций, фосфор, темір, магний және марганец секілді минералдар мол болғандықтан Швейцария, Чехия мен Францияда қолда өсіріледі. Бақбақтың сөлі тәбет ашып, ас қорыту жұмысын реттеп, қанды тазартса, ал одан жасалған тағам түрлері бауыр мен зат алмасу қызметін жақсартады.

04

Фото: Ерболат Шадрахов

Viewing all 146 articles
Browse latest View live