Quantcast
Channel: Табиғат | National Geographic Qazaqstan
Viewing all 146 articles
Browse latest View live

Мешкей инелік

$
0
0

MBA_3471

Ғалымдар дүниедегі ең мешкей жәндік – инелік деген тоқтамға келді. Мәселен, күйенте деген инелік екі сағатта қырықтан астам шыбын, маса немесе сона секілді жәндікті жеп қоюға қауқарлы. Егер де ол арыстандай жыртқыш аңға бір сәтте айнала кетсе екі сағат ішінде бір сиырды тұтастай жеп қойған болар еді.

Инелік – жер бетіндегі ең көне, әрі кең тараған жыртқыш жәндіктер отрядына жатқызылады. Ол көбінесе тропиктік және субтропиктік белдеулерде кездеседі. Қанаттарының құрылысына қарай инеліктер: тең қанаттылар (Zygoptera), әртүрлі қанаттылар (Anisoptera) және Anisozygoptera (Жапония мен Үндістанда ғана кездеседі) болып бөлінеді. Әлемде инеліктердің 4500-ден астам түрі тіршілік етсе, Қазақстанда оның 7 түрі кең тараған.

Жалпы инеліктердің ұзындығы – 14-120 мм. аралығында болады. Оның үлкен фасетті көздері басының жоғарғы бөлігін толықтай алып жатыр.

Жұмыртқаларын суда өсетін өсімдіктердің сабағына салады. Қыстап шыққан дернәсілдері келесі жылы бірнеше мәрте түлегеннен кейін үлкен инелікке айналады.

Инеліктерді еліміздегі Қапал, Тентек, Ақсу, Қарқара және Текес секілді тау өзендері бойынан жиі кездестіруге болады.

Фото: Біләл Арслан


Кең дала санитары

$
0
0

 

01 Шпигельман Корсак

Қазақстанның шөлді және шөлейтті жерлерінде мекендейтін қарсақ аңғарлы сайлар мен тау етектерінен жиі кездестіруге болады. Ол түлкі тұқымдасына кіретін жыртқыш аңдар қатарына жатады.

Дене тұрқы 50-55 сантиметр, құйрығы 30 сантиметрден асатын қарсақтың түлкіден басты айырмашылығы: құлағы ақ және тұмсығы сүйір болып келеді. Және жылына екі мәрте түлейді (көктем және жаз айларында).

Қарсақтың терісі бағалы болғандықтан оны аулайтындардың да қарасы қалың. Ол адамдарға қосымша табыс әкелгенімен құтыру мен оба секілді ауруларды тарататын жан-жануарлар қатарынан. «Сондықтан қарсақты аулап, ұстар аса сақ болу керек», – дейді кәсіби аңшылар.

Қарсақ негізінен тереңдігі 2 м., ұзындығы 6 м. дейін ін қазып алып тіршілік етеді. Ол кейде түлкі, борсық немесе суырдың ескі індерін де «баспана» ретінде пайдалана береді.

Оның негізгі қорегі – өлекселермен қатар тышқан, құмтышқан, сарышұнақ, суыр және қоян болғанымен ара-тұра тасбақа, жылан мен кесірткелерді де жей береді.

Қазақстанда қарсақтың 3 түрі мекендейді. Атап айтқанда, қарсақтың ең ірісі «Қазақстан қарсағы» орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда тіршілік етсе, «қалмақ қарсақты» Орал тауларының шөлді алқаптарынан кездестіруге болады. Ал үшінші түрі, ең ұсағы  «түркімен қарсағы» еліміздің оңтүстік-батыс, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында кеңінен тарған.

Фото: Михаил Шпигельман

Жусанның жұпар иісі

$
0
0

жусан-фото

Кең далаға шығып, терең тыныстағаныңда тұнық ауа жаныңды рахатқа бөлейді. Айнала көкорай шалғын, көк майса. Сылдырап аққан су мен жайқалған шөп. Сондай әдемі көріністерге қарап тұрғаныңда маңдайыңды самал жел желпіп өткен бойда шөптің иісі мұрныңды жарып жіберердей болады. Және ол иіс жаныңа шабыт беріп, бойыңа қайрат-жігер дарытатындай. Шөптің аңқыған жұпар иісіне қанбағандар жусанды мұрнына тақап тұрып иіскейтінін қайтерсің..

 Бұл шөп көбінесе еліміздің Оңтүстігі, Оңтүстік Шығысы, Орталығы мен Батыс өңірлерінде жиі өседі. Олардың түрлері өскен топырағының ерекшелігіне қарай сұр, боз және жасыл болып келеді. Жалпы жусанның жер бетінде 81 түрі кездесе, ал қазақ жерінде ғана өсетін бір түрі дәрілік шөп ретінде ерекше бағаланады. Атап айтар болсақ, ол шөп ұйқысыздыққа ұшырағанда, тіс иегі қақсағанда, апатияға тап болғандар мен тыныс жолдары ауыратындарға таптырмас ем.

Жусанның биіктігі 10-60 сантиметр аралығында болса, арасында жерге жайылып өсетіндері де бар. Жусан – мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық және витаминді болып бөлінеді.

Фото: Ерболат Шадрахов

Айт сырыңды, ақ қайың!

$
0
0

_YSH0310 1

Мың бұрала майысқан ақ қайыңдар талай ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болғаны сөзсіз. Себебі ақ қайың әсемдік пен нәзіктіктің, сұлулық пен тәккаппарлықтың символы іспетті. Одан бөлек ақ қайыңның адам баласына тигізер әсері, эстетикалық ләззаты ұшан – теңіз.

Жалпы ақ қайыңның сыртқы қабығы толықтай ақ, ақшыл қызыл және қара-ала түсті болып бөлінеді. Және ол ағаш орта есеппен 150-300 жылға дейін өмір сүрсе, ал биіктігі 25-30 метрге дейін жетеді.

Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай, салқын бөліктерінде өседі. Жер бетінде қайыңның 6 туысы, 200-ге жуық түрі кездессе, қазақ жерінде оның 17 түрі кең тараған.

Қайыңның сөлі – адам денсаулығына аса пайдалы сусын болып саналады. Оның дәмділігін былай қойғанда, әртүрлі ауруларға қарсы шипалық қасиеті және бар.

Фото: Ерболат Шадрахов

Каспидің амфибия тасбақалары

$
0
0

01

Жер бетінде теңіз тасбақаларының бірнеше ондаған түрі мекендесе (тасбақаның 300-ден астам түрі бар), соның біреуін қазақ жерінен кезтестіруге болады. Азиялық теңіз тасбақалары тұқымдасына жатқызылатын ол бауырымен жорғалаушы Қазақстан, Түркменстан мен Дағыстанда мекендейді. «Mauremys caspica» (каспий тасбақасы) деген ғылыми атауға ие бұл тасбақа құрғақта да, суда да бірдей өмір сүре беретіндігімен (амфибия) ерекшеленеді.

05

 

Жалпы теңіз тасбақаларының аяқтары ескек тәрізді болғандықтан алақаны мен табан сүйектері жалпақ және доғал болып келеді. Ондай тасбақалар ішіндегі ең үлкені саналатын терілі тасбақа (Dermochelіs corіacea) сауытының ұзындығы 2 метрден асса, ал салмағы 600 килограммға дейін (Chelonіa mydas) жетеді. Ал «мускус» деп аталатын ең кішкентай тасбақаның салмағы  250 гр., ұзындығы 7,5 сантиметрден аспайды екен. Mauremys caspica тасбақасының ұзындығы 30 сантиметр, салмағы бір килограмм шамасында болады.

06

Теңіз тасбақалары орта есеппен 120-150 жыл өмір сүреді.

Фото: Ерболат Шадрахов

Күйкентайдан қашқан торғайым-ай!

$
0
0

01

Күйкентай – сұңқар тектес жыртқыш құстар қатарына жатқызылады. Қазақ жерінде оның екі түрі кездеседі: дала күйкентайы және кәдігімгі күйкентай. Дене тұрқы 29-33 см. болса, қанатының ұзындығы 23-28 см. аралығында болады. Ұябасарының салмағы 190-280 грамға дейін жетеді.

02

Ұясын жартасқа немесе ағаш басына салып, мамыр айында бурыл, сарғылт түсті 2-6 дана жұртқа басып шығарады. Күйкентайдың ерекшелігі – ол да сұңқар тәрізді жемін ауада ұшып жүрген жерінен іле алады. Оны кейбір адамдар егіс алқаптарын торғай секілді майда құстар мен жәндіктерден қорғау үшін арнайы алдыртып, пайдаланады екен. Содан болса керек қазақтар панасызды, жағдай тым нашар жандарды «күйкентайдан қашқан торғайға» теңейтіні бар.

03

Күзді күндері жылы жаққа ұшып кетіп, сәуір айында ұшып келеді. Жылқұстары жылы жаққа ұшқанда кейбір күйкентайлар Қазақстанның орталығы (Наурызым қорығында) мен Орталық Азияда қалып қойса, ал басым көпшілігі Африка елдері аумағында қыстап шығады.

Фото: Дмитрий Ругис

Құстың да жай құсы емес, Тауыс құсы

$
0
0

IMG_6865

Тауыс құсы (павлин) – жер бетіндегі ең әдемі құстардың көшін бастап тұр. Ол туралы талай рет айтылып та, жазылып та жүр. Ал осы құстың неге ерекше әдемі болып көрінетінін зерттеп көрген Қытайдың FUDAN университетінің ғалымдары «бар гәп құстың бойындағы пигменттер мен бояулардың құрылымында» деп жазған.

Олардың жазуынша, тауыстың денесінде тек өзіне ғана тән бояу шығаратын қосымша ағзасы бар. Оның қауырсындары көк, ашық көк, жасыл, күлгін, алтын түсті сары, қоңыр және қызғылт болып сан түске боялатындығы сондықтан. «Ал қауырсын бойындағы жан-жаққа тармақталатын «бұтақшалардың» әрқайсысы кристал құрылымдарынан, меланин мен кератин ақуызынан құралған», – дейді олар.

Ол құсты басқа құстардан ерекшелеп, тартымды ететіні оның алып желдеткіш секілді қанаттары м ен жамбас тұсында орналасқан қауырсыны болса керек. Кейбір тауыстың  қауырсыны 2 метрге дейін жетсе, дене тұрқы 100-125 сантиметрден биік болады.

Қырғауыл тұқымдасына жататын тауыс құсы жауын жауар алдында немесе қатердің төнгенін сезген бойда мысықтың дауысына салып, сақтық шараларын жасайды.

Тауыс құсы алғаш рет Үндістанда қолға үйретілген екен. Қазір осы елдің нышаны, әрі символы іспетті.

Фото: Біләл Арслан

Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) дұшпаннан қорғап қалған өрмекші

$
0
0

01

Мұсылмандар үшін өрмекшінің орны бөлек. Себебі ислам дінінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға һижрет етіп бара жатып, Хира үңгіріне жасырынғаны туралы дерек бар. Сонда Алла Тағала өрмекшіге қысқа уақыт ішінде тор тоқуға әмір етеді. Сол кезде Пайғамбарымыздың ізіне түскен мүшріктер мен әскерилер үңгірдің аузына келіп тұрып, өрмекшінің торын көреді де мұнда ешкім жоқ деген оймен кері кетіп қалған деседі.

Ғалымдар өрмекші жібінің беріктігі мен сапалылығы жөнінде айтады. Өрмекшінің жібі темірге қарағанда алты есеге дейін берік болады екен.

02

Бүгінде жер бетінде өрмекшінің 3000-ға жуық түрі бар. Олардың ішінде адам алақанына симайтын алып өрмекші де, көзге әрең көрінетін май өрмекші және мүлде тор тоқымайтын түрлері де бар. Мысалы, Оңтүстік Америкада тышқан, торғайлармен қоректенетіні, адамды шақса өлтіріп жіберетін түрлері бар. Ондай өрмекшіні қазақтар «бүйі» десе, жергілікті халық «тарантул» дейді.

Мына фотодағы өрмекшінің қазақтар «Айқышты өрмекші» (лат. Araneus) деп атайды. «Айқышты өрмекші» Қазақстанның оңтүстігі және Оңтүстік Батысындағы шөлейтті алқаптарды мекендейді. Дене тұрқы 17-26 мм. аралығында болады. Денесінде ақ және ақшыл-қоңыр түсті дақтар крест белгісіне ұқсас орналасқан.

03

Айқышты аса улы жәндіктерге жатпайды. У-ы адам үшін де, мал үшін қауіпсіз болғанымен, сезім органдары өте жақсы дамыған. Оның 8 көзі бар, дана жыныстылар қатарына жатады.

Жалпы Қазақстанда өрмекшінің 30-ға жуық түрін кездестіруге болады.

Фото: Ерболат Шадрахов


Хас сұлуым –қарлығашым

$
0
0

01

Қазақтар қыздарына «Қарлығаш» деген есімді бекер қоймаса керек. Себебі біздің ата-бабаларымыз басқа басқа бұл құсты ежелден ерекше қастерлеп, ұясын бұзбаған. Себебі жер бетінде қарлығаштан асқан қимылы ширақ, өзі ақылды, әрі еңбекқор құс болмаса керек. Оның үстіне ел ішінде қарлығаш туралы аңыздар мен ертегілер, жұмбақтар мен мақал-мәтел жетерлік. Оған «Қарлығаштық құйрығы неге айыр?» ертегісі мен Төле бидің қалай «Қарлығаш би» атанғаны дәлел. Ол құсқа қатысты ырым-жоралғылар да жоқ емес. Мәселен, қарлығаш биікке ұшса – күн ашық болады, жер бауырлап ұшса – жауын жауады деп болжаған. Ал қарлығаш жылы жақтан орала сала қораға қонса, қой егіз туады, үйдің жақтауына немесе шатырына қонса сол үйдің жан басы көбейеді деп ұққан.

02

Қарлығаш – айыр құйрықты, шағын денелі торғайлар отрядына жататын хас сұлу құс. Дене тұрқы қара ала, бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр болып келеді. Оның басқа құстардан басты айырмашылығы – жемін ұшып жүріп ұстаса, суды да ұшып жүріп ішетіндігі. Арктика мен Антарктидан басқа жердің барлығында мекендейді.

Күзде Африка мен Оңтүстік Азияға ұшып кетеді. Ұясын топырақ пен сазды сілекейлеп отырып қалап, ішіне майда шөп, қауырсын мен түрлі мамық заттар төсейді.

03

Жалпы жер бетінде қарлығаштың 80 түрі кездессе, соның 5 түрі өз еліміздің аумағында мекендейді. Олар: жар, құз, қос реңді, сепкілтөс және кент қарлығашы болып бөлінеді.

Қарлығаштар жылына екі рет балапан басып шығарады да, әр басқанда 3-тен 7-ге дейін жұмыртқа салады. Өздері жем іздеуге кеткенде балапандары ұядан құлап кетпеуі үшін аяқтарын қылмен байлап кетіп отырады.

04

Фото: Ерболат Шадрахов

Бал арасының балы

$
0
0

01 Шпигельман ара

Бал арасы балға қажетті шірне мен тозаң жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Және ол қызметті «жұмысшы» аралар ғана атқарады. Олар ұясынан ондаған шақырым жерге ұзап кетсе де, ұясын адаспай табады.

«Жұмысшы» аралар бір шыққанда өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Балдың сорты ара қонған өсімдіктердің түріне қарай әртүрлі болып аталады.

Бал арасы ұясын тек алты бұрышты пішінде ғана жасайтыны белгілі. Ғалымдар бал арасының ұясы неге тек алты бұрышты ғана болатынын анықтап көрген. Олар сондай-ақ, ұяның алты бұрышты болуының себебі ондай ұяға материал аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы жоғары болатынын айтып отыр.

Бал арасы – (Apіs mellіfera) жарғаққанаттылар отрядына жатады. Араның ол түрі Қазақстанның барлық өңірінде кездестеді. Бір ұяда бір аналық, бірнеше жүз еркек ара және бірнеше ондаған мың «жұмысшы» ара тіршілік етеді. Ұрғашы ара бір тәулікте 2-3 мың, бір маусымда 200 мыңға дейін жұмыртқа салады.

Ара балынан бал, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және медицинада кеңінен пайдаланылатын ара желімі (прополис) алынады.

Жалпы жер бетінде араның 20 мыңға жуық түрі мекендесе, солардың мыңға жуығы ғана ұжымдаса, ымырада өмір сүреді.

Фото: Михаил Шпигельман

Оңтүстіктің маржаны – «Сайрам-Өгем»

$
0
0

01

«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Тянь Шань», «Өгем», «Қаржантау», «Боралдай» және «Талас Алатауы» тауларының түйіскен жерінде орналасқан. Парк аумағымен «Өгем», «Сайрамсу», «Қасқасу», «Біркөлік», «Машат», «Даубаба» және «Көкбұлақ» өзені ағып өтсе, онда өсімдіктің 1635, сүтқоректілердің 59 және құстардың 300-ге жуық түрін кездестіруге болады.

Парктің шығыс бөлігі жабайы алма, алмұрт, жүзім, грек жаңғағы, пияз, қарақат пен қызғалдақ гүлі қаулап өсетіндігімен ерекшеленеді. Онда сондай-ақ, аю, қар барысы, сілеусін, қасқыр, тау ешкі және басқа да жан-жануар кездеседі.

02

Оңтүстік Қазақстандағы Қазығұрт, Төле би және Түлкібас ауданын қатар алып жатқан Парк аумағында тарихи  ескерткіштерді, петроглифтер мен көне дәуірге тиесілі қоныс орындарының іздері жетерлік. Паркте жазықтағы шөл даладан бастап, басын қар басқан тауларға дейін жүріп өтсеңіз табиғаттың сан алуандығына көз жеткізесіз.

Сайрам шыңы қорықтағы ең биік шың (4236 метр) болса, «Мақпал көлі» 2100 биіктікте орналасқан.

03

Парк аумағына туристер үшін 6 демалыс үйі, бірнеше киіз үй және 90-ға жуық демалыс алаңқайы жұмыс істейді. Одан бөлек 10 туристік соқпақ және міністегі 20-ға жуық ат табиғатты тамашалаймын дегендерге қызмет көрсетеді.

Фотоны «Сайрам-Өгем» МҰТП ұсынды

Тұзбайырда «күннің өзі тұзды»

$
0
0

01

Ғалымдардың айтуынша, бүгінгі Маңғыстау жері жүздеген миллион жыл бұрын  Лавразия мен Гондвана суперконтиненттерінің арасын алып жатқан Тетис мұхитының табаны болған. Оған сол алқапта ара-тұра табыла кететін акулалардың қаңқасы мен тістері дәлел. Кейін қайтқан сулар бор куэсталарын, құздар мен ойпаттарды түзіп, жұмсақ жыныстарды шайып кеткенде ол жерде үстірт, шатқалдар мен жыралармен бірге Тұзбайыр соры да пайда болған деседі.

02

Тұзбайыр соры – Үстірттің Батыс шыңдарынан шығысқа, ал Манат тарихи дөңінен оңтүстікке қарайғы алаңқайды алып жатыр.

Жергілікті халық «Тұзбайырда күннің өзі тұзды» деп қалжыңдайтыны бекер емес, себебі ондағы шақпақ тастар мен түрлі минералдар күн сәулесін одан сайын жарқырата түсетіндей.

03

Фото: Ерболат Шадрахов

Әмбебап қамыс

$
0
0

01

Қамыс – қияқ тұқымдасына жататын әлемде ең көп таралған өсімдік. Көбіне ылғалды жерлер, су арналары мен жағалауларда өседі. Жер бетінде қамыстың 250 астам түрі кездессе, соның 14 түрі біздің елімізде өседі. Оның жиі кездесетін түрін қазақ халқы «көл қамысы» немесе «қоға» деп атайды. Қамыстың биіктігі орта есеппен екі жарым метрге дейін жетсе, ал оның төсемелі тамыры бірнеше метр тереңдікте жайылып өседі. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартып, судың мөлдірлігін де сақтауға көмектеседі. Ал сабағы жұмыр, іші қуыс және бунақты болып келеді.

02

03

Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін таптырмас азық саналады. Қамыстан себет тоқылып, тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар жасалады. Ал химиялық жолмен өңдесе одан шайыр, метил спирті, сірке қышқылымен қатар қағаз да жасалады. Кейбір тропиктік елдердің халқы құрылысқа жаппай қамысты пайданалып, қайық та жасайды.

04

Фото: Ерболат Шадрахов

Шаңқылдауық суырлар

$
0
0

01

Қазақстанның ормандарында, шөлді жерлері мен таулы аймақтарында суырдың 4 түрі кездеседі. Олар: дала суыр (Marmota bobak), сұр cуыр (Marmota baibacina), ұзынқұйрықты суыр (Marmota caudata) және менизбир суыры (Marmota menzbieri).

02

Дене тұрқы 30-60 см, құйрығының ұзындығы 10-15 см, ал салмағы 3-8 кг аралығында болады. Түсі қызғылт, жирен, қоңыр-қара болып келеді. Ашық алаңқайларда тереңдігі 3 метр, ұзындығы 8 метрге дейін жететін ін қазып, топтанып тіршілік етеді. Тек шөппен ғана қоректенетін олар жылдың 7 айын ұйқымен өткізеді. Жылына бір мәрте (наурыз айында) балалап, 15-20 жылға дейін өмір сүреді.

03

Суырдың еркегі ұрғашыны өзі қыстаған іннен емес, басқа іннен іздейді. Суырлар өте сақ және ұйымшыл аң. Мәселен олар жайылғанда бір суыр міндетті түрде күзетте тұрады. Егерде алда-жалда қауіп төнетіндай жағдай орын алса, ысқырып, шаңқылдап бір біріне белгі береді. Сол кезде барлық суыр жайылғанды қойып, індеріне жүгіреді.

04

Дала суыры мен ұзынқұйрық суырдың кәсіптік маңызы бар. Себебі суырдың бағалы терісінен адамдарға арналған бас киім мен сырт киім тігілсе, ал оның майы халық медицинасында әр түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланылады.

Айта кету керек, моңғолдар арасында суыр етін негізгі азық деп санайтындары да баршылық.

05

Фото: Ерболат Шадрахов

Құмырсқадай еңбек ету

$
0
0

01

Құмырсқа – топтанып тіршілік ететін, жер бетінде ең көп тараған жәндік. Бұнақ денелілер отрядына жататын ондай жәндіктің бүгінде 10 мыңдай түрі бары анықталып отыр.

Құмырсқаның денесі бас, кеуде және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақ сүйектері жақсы дамыған. Кеудесі жіңішке болғанымен үш жұп аяқтары өзінен он есе ауыр жүкті еш қиындықсыз көтеріп алуға қауқарлы.

Бір илеуде 10 мыңнан 100 мыңға дейін құмырсқа тіршілік етсе, әр илеуде өзінің аталығы, аналығы, «жұмысшылары» және «жауынгерлері» болады. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өліп қалатын болса, ал дене тұрқы екі есе ірілеу болатын аналықтары бірнеше рет ұрпақ жалғастырғаны былай тұрсын, олар 20 жылға дейін өмір сүреді екен.

Құмырсқаны зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Сол мамандар дәл қазіргі уақытта жер бетінде 10 квадриллион құмырсқаның барын анықтаған. Ол 7,5 миллиард адамның әр қайсысына бір миллион құмырсқадан келеді деген сөз.

Айта кету керек, Африка мен Азияда құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланатын елдер де бар. Себебі ол жәндіктің ағзасы ақуыз бен майға бар.

Фото: Ерболат Шадрахов


Құрбақаның пайдасы

$
0
0

01

Құрбақа (лат. Bufonidae) – құйрықсыз қосмекенділер отрядына жататын жәндік. Және ол жер бетінде ең көп тараған жәндіктердің қатарына жатады. Оның 21 тұқымдасы және 300-дей түрі бар. Құрбақаның басты ерекшелігі – оның ауыз қуысында тіс болмайды.

03

02

Қазақстанда бұл жәндіктің үш түрін кездестіреміз. Олар: кәдігімгі құрбақа (Bufo bufo), жасыл құрбақа (Bufo vіrіdіs) және даната құрбақасы. Кәдігімгі құрбақа басқаларына қарағанда әсіресе құрлықта тіршілік етуге бейім келеді. Құрбақалар денесі кеуіп қалмас үшін күндіз қуыс-тесіктерге жасырынып, қорегін түнде аулайды. Ал қазан мен наурыз аралығында қысқы ұйқыға кетеді. 3-4 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 1700 дейін уылдырық шашады.

04

Ол зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына зор пайдасын тигізеді.

05

Фото: Ерболат Шадрахов

Барқытгүл ме, бақыт гүлі ме?

$
0
0

01

Барқытгүл – астра гүлдері тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Отаны – Солтүстік Америка. Жабайы табиғатта оның отызға жуық түрін кездестіруге болады. Бұл гүл күтімді көп қажет етпейтіндіктен голландықтар өткен ғасырда оның жүзге жуық түрін қолдан өсіріп шығарған. Оның ішінде «Ванилла» деп аталатын аппақ түрін ерекше атап айтуға болады.

02

Қазақстанда ол гүлдің екі түрі кеңінен таралған. Биіктігі 15-90 сантиметр аралығында болатын оның пішіні шар тәріздес болып келеді.

Барқытгүлдің ақ, сары, күлгін және қызыл-қоңыр аралас түстері бар. Ол гүлдің ерекшелігі – оның кейбір түрлері бір түптен 200-ге дейін гүл шығаруға қауқарлы және біржылдық гүлдер ішінде ең ұзаққа шыдайтыны да осы.

03

Бұл гүл тығыз, әрі тік өсетіндіктен гүлзарлардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға және түрлі алаңқайларды безендіруге жиі қолданылады.

Ел ішінде оны «бақыт гүлі» және «қошқаргүл» деп те атайтындары бар.

04

Фото: Ерболат Шадрахов

Бұлақ көрсең көзін аш

$
0
0

01

«Бұлақ суы» деп жер асты суларының жердің бетіне өздігінен шоғырлана шығатын суды айтады. Көбінесе таулы аймақтарда кездесетін ондай табиғи судың ортақ атауы болмағандықтан әр жерде әртүрлі айтады.  Мәселен еліміздің оңтүстігінде негізінен «тұма», «бастау» десе, шығыста «қайнар»  деп те айтады. Ал ғылым тілінде термалды бұлақ, жалғасты бұлақ болып екіге бөлінеді.

02

Бұлақ суы әрі тұщы, әрі жұмсақ болатындықтан оны ауыз су ретінде, мал суғаруда және бау-бақша баптауда да кеңінен қолданылады. Жайшылықта бұлақ суы өте суық болғанымен кейбірі жерлерде ыстық күйінде шығады. Ал ондай ыстық су кейбір шипажайларда түрлі ауруларға қарсы қолданылады.

03

04

Бұлақтардың көпшілігі жерге сіңген қар, жаңбыр суларымен қоректенетіндіктен үздіксіз немесе үзіліспен ағады. Ал бұлақтың көзі ұзақ уақыт тазаланбаса бітеліп қалатындықтан, жер астындағы бағытын өзгертіп те жіберуі мүмкін.

05

Фото: Ерболат Шадрахов

Қарынжарық ойпаты

$
0
0

01

Маңғыстау өңірі – еліміздің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бұл өңірдің батысы мен солтүстігін қоршай Каспий теңізі алып жатса, оңтүстігі Түркменстан, оңтүстік-шығысы Қарақалпақстан елімен шектеседі. Ал солтүстігі мен солтүстік-шығысы Атырау және Ақтөбе облыстарымен жалғасып жатыр.

Маңғыстау түбегінің негізгі бөлігі биік үстірттер мен аласа таулардан тұрады. Таулы бөлігі құмтас, тақтатастардан түзілген. Ондағы ең биік жері – Бесшоқы тауы болса (556 м), Қарынжарық – ең ірі тұзды ойпат саналады. Ол ойпат теңіз деңгейінен -70 метрге төменде орналасқан. Қарынжарық Қаратау тауын көмкеріп жатқан ойпат-шұңқырларды біріктіре отырып, Қарабұғазға таяу барып тамамдалады. Ойпаттың ұзындығы 300 шақырымды құраса, ені 50 шақырымнан асады.

02

03

Аймақтың климаты өте құрғақ, әрі ыстық саналады. Шілде айында түбектегі ауа температурасы + 55 градусқа дейін көтерілсе, есесіне қысы өте жылы болып келеді. – 15 градус суық өңірде өте сирек болады.

Жауынның жылдық мөлшері орта есеппен 100-150 мм-дан аспайды.

04

Фото: Ерболат Шадрахов

Қалың кілем төрге керек, қызғалдақ гүлі жерге керек

$
0
0

01

Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жатқызылатын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Біздің елімізде оның 32 түрі бар. Биіктігі 10-35 сантиметр аралығында болса, сабағы жұмыр, тік болып өседі.

Қызғалдақтың сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

02

03

Ол гүл өсетін жеріне байланысты наурыз-мамыр айлары аралығында 20-25 күн ғана гүлдеп тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі алуан түрлі болып келеді.

Мол жауын түскен жылдары қаулап өсетін қызғалдақ гүлі аумағы бірнеше шаршы шақырымға тең алқаптарға әдейілеп кілем төсегендей кейіпке енеді. Ал оны қорек қылған мал семіз болады.

Басқа басқа Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» саналуы бекер емес. Себебі бұл гүлдің ерте замандарда қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығын дәлелдейтін деректер жетерлік.

04

Фото: Ерболат Шадрахов

Viewing all 146 articles
Browse latest View live