Quantcast
Channel: Табиғат | National Geographic Qazaqstan
Viewing all 146 articles
Browse latest View live

Торыш

$
0
0

01

Жергілікті аңыз-әңгімелердің бірі бойынша, Маңғыстау жеріне, қаптаған шегірткелер секілді, жаулар келіпті. Сол кезде жергілікті тұрғындар көкке қолын жайып, жалбарына көмек сұрай бастаған және тілектері орындалған екен. Кенеттен аспан ашылып, найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селдетеді. Барлық жаулар бір сәтте-ақ, тас болып қатып қалады. Маңғыстаудағы ерекше тастар – шар тәріздес конкрециялар алқабы осылай пайда болған-мыс. Олардың диаметрлерінің өлшемі 3-4 м дейін жетеді. Жердің қабаты тігінен бұзылған жерде – тастың өлшемі бойынша әр түрлі ұзын тізбектер пайда болады. Ал, егер жер қабаты көлденеңінен бұзылса – шар, жұмыртқа, саңырауқұлақ, цилиндр, кішкене аң немес адам үлгісі түрлерінде үймеленіп жатқан ғажап көріністегі конкрециялар алқабы орын алған.

02

03

04

Мәтін: Андрей Астафьев Фото: Дмитрий Ругис


Аңызға толы – Шерқала

$
0
0

01

02

Шерқала тауы Маңғыстау облысының табиғи рәмізі іспеттес. Ол жерді құстың ұшар биігінен қарағанда, ол Ақмыштың жер қабаттары арасындағы ертегідегі дәу-көшпелілер тұрғызған алып киіз тәрізді көрінеді.

Шерқала – Қаратау жазықтығын теңіз түбінен құрлыққа көтеру нәтижесінде пайда болған ерекше кескіндердің үлкен тау шоқысы болып табылады.

03

04

Шерқала жайындағы аңыздардың бірінде, ертеректе қаптаған жаулардан бір топ айбынды жауынгерлер тауды қорған еткен делінеді. Олар жаумен жолбарыстар сияқты алысыпты. Тауды қорғаушылардың қалғаны тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойған екен. Ерлікпен пен еркіндіктің өтеуі – Жолбарыс қала немесе Шерқала деген атау осыдан шықса керек.

05

06

Мәтін: Андрей Астафьев, Фото: Ерболат Шадрахов

Айғайқұмнан басталған сапар

$
0
0

01

«National Geographic Қазақстан» журналының Алматы облысына жасаған экспедициясы «Алтынемел» ұлттық табиғи паркін аралаудан басталды. Оған Қапшағай су қоймасының солтүстік бөлігі, Іле өзенінің оң жағалауы, Жоңғар Алатауы сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ және Қоянды таулары кіреді. Сондай-ақ, Үңгірқора, Шыңғысхан әскері тұрғызған Ошақтас пен 700 жылдан бері өсіп тұрған Ақ талды да тамашалауға мүмкіндік бар. Одан бөлек ұлттық парк аумағынан Айғайқұм табиғи ескерткішін, сақ заманына тиесілі «Бесшатыр» қорымы мен сай-салалардағы тастарға қашалып салынған суреттерді де көруге болады. Аумағы 520 мың гектар жерді алып жатқан парктің климаты қатаң континенттік, қысы суық, жазы ыстық болып келеді.

Бақ флора мен жануарлар әлеміне де бай. Онда өсімдіктердің 1500, жәндіктің 5000, балықтың 20, бауырымен жорғалаушылардың 25, құстардың 200 және сүтқоректілердің 70-тен астам түрі мекендейді. Одан бөлек саябаққа әр жылдары Тянь-Шань арқары, тау ешкі, қоян, қарақұйрық, ақ бөкен, құлан мен Прежевальский жылқысы Германиядан арнайы алдыртылған екен.

«Парк аумағында аң-құс атылмайды, балық ауланбайды және ағаш-шөптерді шауып-оруға рұқсат жоқ, – деді «Алтынемел» ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Данияр Тұрғымбаев. Оның айтуынша, саябақта туристерге арнап салынған 17 қорықша бекеті және жеті туристік маршрут жұмыс істейді. Оның ішінде туристер тарапынан зор қызығушылық тудырып отырған нысан – Айғайқұм.

02

Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан құмды төбенің биіктігі 150 метр, ұзындығы 3 шақырымнан асады.

Айғайқұм Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан түзілген.

Айғайқұм Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан түзілген.

Айғайқұмның төмен сағасындағы «Мыңбұлақ» бекетінен бізбен бірге ере шыққан «Алтынемелдің» мемлекеттік инспекторы Еділ Қуаныш құмды төбенің сол жағынан Үлкен Қалқантау, оң жағынан Кіші Қалқантау, ал төбесіне шыққанда Іле өзенінің оң жақ жағалауы көрінетінін айтқан.

03

03

Арада жарты сағат өтер өтпей біз Айғайқұмның бекетіне келіп тоқтадық. Көліктен түскенімізде екпіні кісі ұшырардай құм суырған қатты жел соғып тұр екен. Шығармашылық топтың іздегені де осы еді. Құмды төбенің етегіне іліне бергеніміз сол еді, Еділ жерге отыра кетті: «Дыбысты отырып тыңдаған ыңғайлы, жүріп келе жатқанда ештеме естілмейді».

 

04

Расында да тізе бүгіп тыңдасаң, бiресе адамдардың айқайы, біресе әдемi әуен, енді бірде үрейлі гүріл естіледі. Бірер уақыттан кейін өн бойыңды үрейiмен тiтiркендiрердей күңіренген, күрсінген, сыңсыған нақ бір тірі мақұлықтың әлдекiмге айбат шеккенде шығатындай дауысы естілді. Біршама уақыт өткенде біз құмды төбенің биік шыңына шығуға әрекеттеніп көріп едік, онымыздан түк шықпады. Қатты соққан желден аузы-мұрнымыз қайта-қайта құмға толып, жол ортада болдырып қалдық. Сөйттік те келген ізімізбен кері қайттық. Етекке түсіп артыма қарағанымда құмтөбенің қырлы жотасы доғалдана қалғанын байқадым.

– Мынадай қатты соққан желден құм мүлдем көшіп кетпей қалай тұр? – деп сұрадым Еділден.

– Менің бір байқағаным, жел тиылғанда құм бір тәулікке жетпей, қайта өз орнына келіп тұра қалады, – деді ол.

06

Төменгі бекетке келгенімізде Айғайқұмды тамашалауға сонау Франция, Италия және Чехия елінен келген бір топ туристерден амандық-саулық сұрастық та атқа қайта қондық. Мақсат – күн батқанша парктің солтүстік-шығысында орналасқан Ақтау мен Қатутауды суретке түсіріп үлгеру.

Айғайқұмның қояны сырттан келген «қонақтармен» жиі ұшырасатындықтан болар оның бойынан қорқу-үрку белгілері байқалмады.

Айғайқұмның қояны сырттан келген «қонақтармен» жиі ұшырасатындықтан болар оның бойынан қорқу-үрку белгілері байқалмады.

Инспектор Еділдің айтуынша, Айғайқұмға шетелдік туристер, әсіресе, сәуір-қазан айларында жиі келеді екен. «Кейде тіпті араға күн салмай топ тобымен келіп жатады», – деді ол, – сонда деймін-ау бұл құмды төбенің туристерді өзіне магнитша тартатын не сыйқыры бар».

Айғайқұмды зерттеген шетелдік ғалымдар да жоқ емес. Олардың шығарған ортақ шешімі мынаған саяды: әлгіндей дыбыстар құмды төбенің жоғарғы жағындағы түйiршiктер төмен қарай сусып, сырғығанда құмның көлеміне, сырғу жылдамдығына қарай әр түрлі болып шығады. Күз-қыс айларында, яки құм өзіне ылғалды көбірек сіңіріп алған кезде және жауын-шашынды күндері дыбыс мүлде естілмейді. Ал миллиондаған жыл бұрын түзілген құм төбе сан мәрте желмен сапырылса да, не себепті басқа жаққа көшіп кетпей, өз орнында қалып қоятынына анықтама берген ешкім жоқ. Сондықтан Айғайқұмның құпиясы әлі де ашыла қойған жоқ деп топшылауға болатындай.

Табиғаттағы кез келген сәтті қалт жібермей, дәл жеткізуге қабілеті Canon кәсіби фотоаппараты – алыстағы нысанды жоғары тұнықтықпен бейнелей алатындығымен ерекшеленеді.

Табиғаттағы кез келген сәтті қалт жібермей, дәл жеткізуге қабілеті Canon кәсіби фотоаппараты – алыстағы нысанды жоғары тұнықтықпен бейнелей алатындығымен ерекшеленеді.

Айтпақшы, Айғайқұмға қатысты жергілікті халық арасында аңыз-әңгімелер де баршылық. Аңыздың бір нұсқасы бойынша қара ниетті бір адам құм астында қалып қойып, жаны қиналғанда әлгіндей дыбыс шығарады десе, екінші нұсқа оны дуаланған сұлудың дауысы деседі.

(Жалғасы бар)

Авторы Дәурен Құдайберген, Фото: Ерболат Шадрахов, Екпін Хасенжан

Ақтаудан динозавр да табылады іздесеңіз

$
0
0

_MG_6379

Айғайқұмнан түс ауа шыққан біздің шығармашылық топ Қатутауды бетке алып, жолға шықты. Қатутаудың баурайына кіре бергенімізде көліктің сол жағынан шауып келе жатқан қарақұйрықты көрдік. Көліктің жылдамдығы артқан сайын әлгі тәкаппар жануар да шабысын үдете түсті. Бір уақытта көлікке жақындап келді де, жолымызды кес-кестеп барып, алдымыздан өте шықты. Қарақұйрықтың қайтпас қайсарлығына тамсанған Қытай елінен арнайы шақыртумен келген фотограф Екпін Хасенжан: «Өй, мынауың қайтеді ей?!», – дегені сол-ақ екен инспектор Еділ: «Кез келген көліктің жолын кесу қарақұйрықтың серті, – деді ол, – олай істемесе олар өздерін жеңілген санайды».

Сайын далада кенеттен пайда болып, көзді ашып жұмғанша ғайып болған қарақұйрықты артынан болса да суретке түсіріп үлгердік.

Сайын далада кенеттен пайда болып, көзді ашып жұмғанша ғайып болған қарақұйрықты артынан болса да суретке түсіріп үлгердік.

YSH_6139

YSH_6171

Сағат бес жарым шамасында жанартау лавасынан түзілген Қатутауға (моңғол тілінде «қатты тау» дегенді білдіреді), ақшамда Ақтаудың етегіне келіп тоқтадық. Тоқтай сала кәсіби екі фотограф бір жаққа, инспектор Еділ екеуміз басқа жаққа кеттік. Сөйтіп күн ұясына батқанға дейін әркім өзіне қажетті суреттерді түсіргендей болды. Айнала тас қараңғы. Көңілді бөлер артық дыбыс та, жарық та жоқ. Тек біз тұрған жерден 35-40 шақырым қашықтықта орналасқан Қазақстан-Қытай елдері арасындағы шекарада «Қорғас» бекетінің жарығы ғана көрініп тұрды. Сосын барлығымыз ақылдаса келе, айдалада жалғыз тұрған күркенің айналасына тұра қалдық та, ақ жолақты Құсжолын суретке түсіре бастадық.

Аспандағы жыпырлаған жұлдыздарды ай сәулесі жердің бетіне түспей тұрып түсірген дұрыс. Себебі айдың сәулесі тұнық суретті түсіруге мүмкіндік бермейді.

Аспандағы жыпырлаған жұлдыздарды ай сәулесі жердің бетіне түспей тұрып түсірген дұрыс. Себебі айдың сәулесі тұнық суретті түсіруге мүмкіндік бермейді.

Түннің бір жарымында төменде орналасқан «штаб пәтерімізге» келсек, көлігіміздің айналысы күндізгідей жап-жарық, шайымыз қайнаулы, тамағымыз дайын тұр екен. Осы кезге дейін жүзге жуық экспедицияның құрамында болған көлік иесі – Ержанның әр сөзінен туризмнің қыр-сырын әбден меңгеріп алғандығы байқалып тұрды. Оның ойынша, қазақстандықтардың отансүйгіш қасиетін ояту үшін ең алдымен ішкі туризмді насихаттау керек. Олай болмаған жағдайда отандастарымыз арасында демалысын шетелдерде өткізетіндер саны кемімек емес. «Бұл көлікті жылдың кез келген маусымына ыңғайлы, әрі қолайлы етіп жасап шығу үшін мол қаржымен қатар, ұзақ уақыт та кетті, – деді ол, – әр нәрсе үлкен тәжірибемен келеді».

Бұл көлікте бес адамға арналған жатын орын, ыдыс-аяқ, қазан-ошақ, жарық құралдары, қажетті мөлшерде ауыз су мен мұздатқыш бар. Одан бөлек көлік жолда тығылып қалса, өз өзін кез келген жерден сүйреп шығара алатын қондырғымен де, 220 вольтты электр қуатымен де жабдықталған.

Бұл көлікте бес адамға арналған жатын орын, ыдыс-аяқ, қазан-ошақ, жарық құралдары, қажетті мөлшерде ауыз су мен мұздатқыш бар. Одан бөлек көлік жолда тығылып қалса, өз өзін кез келген жерден сүйреп шығара алатын қондырғымен де, 220 вольтты электр қуатымен де жабдықталған.

Ақтау тауы – «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық паркіндегі туристер арасында ең танымал нысандардың бірі.

Ғалымдардың айтуынша, миллиондаған жыл бұрын бұл жер көлдің табаны болған. Және қазір көзге көрініп тұрған қызыл, жасыл, көгілдір, ақ және сары түстер сол замандардың белгісі. Уақыт өте келе жер астынан жас таулар бой көтергенде көл суы айналаға жайылып кеткен. Ал сол кезден қалған шөгінділер ізін Ақтау тауынан 90 шақырым қашықтағы Қалқан тауларынан да, 180 шақырым жерде орналасқан Шарын шатқалынан да аңғаруға болады.

Ақтау, алыстан қарағанда ақ болып көрінгенімен оған жақындаған сайын түстердің сан алуандығына көз жеткізесіз. Ал ондағы шөгінді қатпарлар мен тілімденген жер бедері – табиғаттың нақ бір экзотикалық көрінісі іспетті.

KB2A6628

KB2A6659 1

DCIM100MEDIADJI_0136.JPG

Қазақстандық ғалым, геология-минералогия ғылымының докторы Сайда Нигматова ханым өзінің Ақтауға қатысты жазған еңбегінде таудағы кейбір түске қатысты анықтама да берген. Оның зерттеуі бойынша, таудағы қызыл түс – мезозой жыныстары қалыптасатын (жер бетінде ауа температасы өте ыстық болғанда құрылады) палеоген және неоген кезеңіне сәйкес келеді. Ақ түс – жердегі ауа райы қазіргідей қалыпты жағдайда болғанда көл астында пайда болған және ол плиоцен дәуірінде тиесілі. Кезінде көлдің табаны болған бұл жерден қазір ауыз судың ешқандай белгісі жоқ. Сөйте тұра сексеуіл, жыңғыл, адыраспан мен көкемарал, сұңғыла сияқты өсімдіктер өседі.

YSH_6299

DJI_0099

Қайсыбір жылдары бұл жерде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген мамандар тіпті динозаврдың да сүйектерін тапқан екен. «Алып жануарлардың қаңқаларын қазір де табуға болады», – дейді олар.

Ертеңінде біз парктің солтүстігіндегі VIII ғасырға тиесілі, Жетісу сақтарының киелі орталығының бірі болған «Бесшатыр» қорымына бармақ болып жиналып жатқанымызда Алматыдан бірнеше отбасы мүшелері Ақтаудың баурайына жайғасып жатты.

YSH_6699

(Жалғасы бар)

Авторы Дәурен Құдайберген, Фото: Ерболат Шадрахов, Екпін Хасенжан

Айғайқұмның батбат кесірткесі

$
0
0

01

Кесірткелердің көп түрі жерде жүретін болса, арасында бұтаға өрмейлейтіндері, құмға батып кететіндері де, жемтігін арбау, алдау арқылы құрыққа түсіретіндері де бар.

 

03

«Батбат» деп аталатын мына кесірткені «National Geographic Қазақстан» журналының фототілшісі «Алтынемел» ұлттық паркіндегі Айғайқұмда суретке түсіріп алған. Оның денесінің ұзындығы 20 см, ал салмағы 43 грамға дейін барады. Артқа қарай ширатылған құйрығы түбінен ұшына қарай жіңішке, әрі қара түсті болып келеді. Оның жон арқасы тұтастай ашық сұрғылт, бауыры ақшыл болса, алқымында қара жолақ болады. Бірінші нұсқада ол өзіне қауіп төнген сәтте тез арада «құмға сіңіп» кететіндіктен «батбат» деп аталып кетсе, екінші нұсқада оның терілі қатпарлары қатты керіліп, құлаққа ұқсап қалатындықтан «құлақты кесіртке» деп те аталады. Қауіп төнгенде кесірткелердің басым көпшілігі құйрығын үзіп, тастап, қаша жөнеледі. Бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып бұрыңғы қалпына келеді.

 

04

Кесіртке – жұмырбасты кесірткелер отрядына жатқызылады. Денесі қабыршақтанған ондай кесірткелер жер бетіндегі Антрактидан басқа барлық континетте мекендейді. Бұл жәндіктің 20 тұқымдасқа, 350 туысқа бірігетін 4 мыңнан астам түрі бар. Ал, Қазақстанда оның 6 тұқымдасы (жармасқы, ешкіемер, кесел, ұршықсап, жабысқақ, кәдімгі кесіртке) кең таралған.

02

 

Кесірткелер – ауыл шаруашылығына зиянды шыбын-шіркей, жәндіктермен қоректеніп, диһандарға зор пайдасын тигізеді. Алайда олардың арасында әсіресе малға аса қауіпті ауру түрлерін жұқтыратындары да бар. Жәндіктің бұл түрлі жыл өткен сайын азайып бара жатуына байланысты Халықаралық табиғатты қорғау одағы мен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

07

Фото: Ерболат Шадрахов, Екпін Хасенжан

Табиғаттың тартуы –Әулиеағаш

$
0
0

Жетісу жерінде жуандығына бес адамның құшағы әрең жететін, жеті ғасырдан бері өсіп тұрған алып ағаш бар.  Күллі халық ол ағашты «Әулие ағаш» деп атайды.

Ел ішінде ағашқа қатысты аңыз-әңгімелер мен болған оқиғалар жиі айтылады. Дендролог мамандар бұл ағашқа ғылыми анықтама бермесе де, оның кәдігімгі қарағаш екені мәлім. Және оның жасы ел айтып жүргендей 700 емес, 750 жылдан да көп болуы мүмкін.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Қазақстанның Қытайдағы елшісі болып қызмет атқарған, қазірде Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Әулие ағаш туралы мынадай қызықты дерек келтіреді: «Ағаш жайында алғаш рет 1757 жылы Қытай императоры Цянь Лунь сөз еткен. Ол өзінің жазғы резиденциясында Нұралы Сұлтан бастаған қазақтың 11 елшісін қабылдап, ұзақ әңгімелескен екен. Сонда император қазақ елшілерінен: «Біздің адамдар Сіздердің жерлеріңізде көлеңкесіне 50 атты адам сыйып кететін, 500 жылдан өсіп тұрған алып ағаш бар деп айтып келді. Сол рас па?» деп сұрағанда қазақ елшілері ондай ағаштың Жетісу жерінде расымен бар екенін, бірақ олар бұл сапарда Алтай арқылы келгенін айтады.

Қуаныш Сұлтановтың мәліметінше, қазақ еліне қатысты бұдан басқа да деректерді жазушы, журналист Қойшығара Салғара жетекшілік еткен ғалымдар осыдан жиырма жыл бұрын ҚХР мемлекеттік архивінен жазып алыпты.

Алматы облыстық Туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған экспедициясы кезінде біздің шығармашылық топтың да  Әулиеағашқа соқпай кетуі мүмкін емес еді. «National Geographic Қазақстан» журналының қызметкерлері қасиетті жерге экспедицияның тек бесінші күні кешқұрым уақытта табан тіреді. Онда бізді шырақшының қызы қарсы алып, анасының сәлден кейін келетінін айтты. Шырақшы Рая Нұржапарқызы үйіне келген бойда қасиетті ағаш туралы бар көрген-білгенімен бөлісіп, бізге ағаштың басына бару тәртібін бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берді.

Бүгінде алып ағаштың айналасы толықтай қоршалған, тәу етіп келушілерге арнап салынған өз қонақжайы, асханасы бар. Әулиеағаштың қалың елдің назарын өзіне аударатындай, әрі «әулие» атанатындай қандай қасиеті бар десеңіз, мына аңыз-әңгімелерге назар аударыңыз. Есте жоқ ескі замандарда Құдайдың жеті сүйікті құлы Меккеге сапарлап бара жатып, осы жерге аялдаған. Солардың ішінде Шамашұрып деген әулие жатар алдында қолындағы асатаяғын жерге қадап қояды. Таңертең қараса әлгі таяққа жан бітіп, тамырын тереңге тартқан, жапырағы жайқалып тұрғанын көреді. Сол кезде жаратқанның шексіз құдіретіне сансыз мадақ айтуын тоқтатпаған Шамашұрыптың жүрегiне «Тиме, өсе берсiн!» деп аян берілген деседі. Содан бастап Шамашұрып баба Меккеге жеткенше жеті жерге асатаяқ қадап кетіп отырған. Қасиеті артқан мұндай ағаш дәл қазір әлемнің үш елінде бар. Оның бірі – Меккеде, екіншісі – Қытай елінде, ал үшіншісі осы.

Ал бұл өмірде болған оқиға. 1941 қазіргі Әулиеағаш ауылына қырық шақты отбасы сырттан келіп қоныстанады. Ауыл адамдарының: «Киелі ағашқа тимеңдер, қаһарына ұшырайсыңдар!» деген ескертпесін елемеген бір жігіт ағаштың бұтақтарын кесіп, үйіне әкеледі. Ағашты әкелген түні бір отбасының сегіз бірдей мүшесі белгісіз жағдайда қайтыс болыпты. Сол күннен бастап, ол ағаштың тегін ағаш емес екені, бойында қандай да бір мистикалық күштің бары дүйім жұртқа лезде тарап кетеді. «Осыдан 4-5 жыл бұрын сал ауруына шалдыққан келіншек ағаштың саясына түнеп шығып, өз аяғымен жүріп кеткенін, 8 жасар мылқау қыздың сөйлей бастағанын өз көзіммен көрдім. Өзім де жылға жуық төсек тартып жатып қалғанымда осы жерге келе сала аяғымнан тік тұрып кеткенімді несіне жасырайын, – дейді Рая Нұржапарқызы. – Осындай оқиғаларды естіген халықтың мұнда күн құрғатпай келуі заңдылық».

Қалың ағаштың құшағына енген сәтте бойыңызды ерекше сергектік билеп, ол жердің энергетикасы өте күшті екені бірден сезесіз. Және ондағы жас ағаштардың барлығы, қай бағытта өспесін қаранардай жайғасқан алып ағашқа иіліп тұрғанын аңғару қиын емес. Саябақты бізге өзі аралатып, әр ағашты жеке жеке таныстырған Рая апай: «Бұл ағаштардың барлығы Әулиеағаштың өз тамырынан тараған. Діңгегі бір, бұтақтары бөлек бөлек мына жеті ағашты біз «Жеті ағайынды», ал мынаны «Бозбала мен бойжеткен» деп атаймыз ұзақ уақыт бала сүйе алмай жүрген келіншектер ырымдап осы ағаштың арасынан өтіп жатады», – деді.

Бұл ағаштың тағы бір ерекшелігі – оның құрғап қалған бұтақтары арада біршама уақыт өткеннен кейін де қайта жапырақ жая береді.

«Кейбір туристер ағашты суретке түсіре бастаса болды қолдарындағы аппараттары істен шығып қала беретініне бірнеше мәрте куә болдым, – деген Рая Нұржапарқызының сөзінен кейін біз де түсірген фотосуреттерімізді түгендеуге кірістік. Қарасақ, барлығы сақтаулы, орын орнында тұр екен. Біз мұны жақсылыққа жорып, келесі нысанға тартып отырдық.

Топ мүшелері Әулиеағаш аумағынан шығуға бет алғанда ағаштың қуысынан жаңа туған сегіз күшікті көріп қалып, солардың біреуін суретке тартып алды.

Жер бетінде жан-жануарлар секілді ағаштар арасында да өзінің межелі жасынан артық өмір сүретіндері кездесіп қалып жатады. «Менімше бұл ағаштың ұзақ жылдар бойы өсіп тұруына ондағы топырақтың құрамы мен жер асты суының әсері бар болса керек, – дейді Қазақ  ұлттық аграрлық университеті Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті деканының орынбасары, профессор Мая Шабалина. – Алайда Қазақстанда ол ағашты арнайы зерттеген ешкім жоқ».

Аты аңызға айналған алып бәйретек орналасқан Панфилов ауданында атауы ағашпен байланысты – «Қызылағаш», «Керімағаш», «Көктал», «Қаратал» сынды елдімекендер жиі ұшырасады.

Авторы: Дәурен Құдайберген

Фото: Ерболат Шадрахов, Екпін Хасенжан

Кербез керқұлан

$
0
0

Қазақтар «керқұлан» дейтін Пржевальский жылқысы – біздің заманымызға дейін сақталып қалған жабайы жылқылардың тұқымдасына жатқызылады. Ертеректе бұл жануар Тянь-Шань тауларының Қазақстанға тиесілі бөлігінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығында және Ертіс өңірінде өмір сүргендігі жөнінде де тарихи деректер бар. Ол жануар сондай-ақ Қытай жерінің Шығыс аймақтары мен Алтай тауларының Моңғолияға қарайтын бөлінгін жайлаған. Кейінгі 50 жылда түрлі себептерге байланысты табиғи аумағынан жойылып кеткен бұл жануар Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдарының қорғауына алынған. Оларды қазір Еуропа мен Азиядағы кейбір елдердің зообақтары мен табиғи қорықтарынан ғана кездестіруге болады. Ол елдердің қатарында Қазақстан да бар.

Еліміздегі «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторы Еділ Қуаныштың айтуынша, Алтынемелдегі алғашқы үш бас керқұлан 2003 жылы Германиядағы зообақтардың бірінен әкелінген. «Қазір олардың саны 12-ге жетіп отыр. Құрқұлан айғырының мықтылығы сол, ол – құлындарын ешқашан қасқырға да, басқаға да алдырмаған», – деді ол.

Оның дене тұрқы 230 сантиметрге, ал салмағы 300 килограммға дейін барады. Денесін толықтай қызыл-сары түк басқан, жон арқасында ұзыннан созылған жіңішке түкті белдік тәрізді қарақошқыл жолағы болады. Керқұланды 1878 жылы Орталық Азияға жасаған сапары кезінде Н.М. Пржевальский деген ғалым Қытайдағы Жоңғарияның шөлді аймағынан кездестіріп қалып, терісі мен бас сүйегін Ресейге алып барады. Сол кезде ол жылқының қаңқасын зертханадан тексеруден өткізген орыс ғалымы И.С. Поляков мұның жабайы жылқының жеке түрі екенін анықтайды. Міне содан бері ол жылқы ғалым Н.М. Пржевальскийдің құрметіне «Пржевальский жылқысы» деп аталады.

Фото: Ерболат Шадрахов

Бала мінезді ақылдылар

$
0
0

Ақтиін01

Тиін – қолға оңай үйренетін жануардың бірі. Оның есте сақтау, шапшаңдық, ептілік, аңғарғыштық секілді қабілеттері де ерекше дамыған. Негізінен адамдарға жақын аймақтарда өмір сүреді, өйткені үй маңайынан тамақ табу оған жеңілірек. Қолға үйренген үй тиіні өзінің иесін алыстан жазбай таниды, шақырғанына келеді. Мұның барлығы оның ақылдылығын көрсетсе керек. Олар құстарға шашылған жеммен қоректеніп, үй шатырларын да мекен етеді.

Жабайы тиіндердің және бір ерекшелігі – жаңғақсүйгіштігі. Олардың бұл қасиетін құдды бір баланың тәттіге құмартқанына теңесе болатындай.  Кейбірі жаңғақ дәнін  жерге көмсе, енді бірі – ағаш діңіне тығады. Бірақ ғалымдардың зерттеуіне қарағанда олардың, әсіресе, сұр түстілері ұмытшақ келеді. Өздерінің жерге көмген жаңғақтарын кейін таба алмай қалатын жағдайлары болады. Нәтижесінде әлгі көмілген жерлерден көктемде жаңа бұталар өсіп шығады екен.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Суретті түсірген: Дмитрий Ругис


Күн баққан – күнбағыс

$
0
0

Жер бетінде басын үнемі күнге қарай бұрып тұратын екі өсімдік (біреуі гелиотроп гүлі) бар болса, соның бірі – күнбағыс.

Ол өсімдік суыққа қандай төзімді болса, құрғақшылыққа да сондай төзімді болатындықтан оны кез келген елдің аумағынан кездестіруге болады.

Күнбағыс майы ас әзірлеуде қаншалықты сұранысқа ие болса, ал оның пістелері (дәндері) адам денсаулығына аса пайдалылығымен ерекшеленеді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті ақуыз, магний, темір, мырыш, селенит, көмірсутегі, өзек пен лецитин секілді микроэлементтер де кездеседі.

Әлемде күнбағыстың ең көп тараған түрі – майлы күнбағыс. Себебі өсімдіктің бұл түрі көп елде күнбағыс майын алу үшін өсіріледі.

Майлы күнбағыстың жалғыз бастыларының биіктігі 3-4 метрге дейін жетсе, дәнек өсетін қалқаншаларының ені 20 см дейін жетеді. Шетіндегі гүлдері сары, орта тұсы күлгін түсті болады.

Оның жемісі – сопақша, төрт қырлы немесе бүйірінен сығымдалған дән, ол жеміссеріктен (қабық немесе қауыздан) және тұқым қабығымен жабылған ақ дәннен (өзек) тұрады. Жемісі – жолақты немесе қара түсті сопақша болып келеді. Күрделі гүлдесін тұқымдасына жататын бұл өсімдіктің бір жылдық және көпжылдық тоқсанға тарта түрі бар.

Тарих беттерін парақтар болсақ, күнбағыстың түпкі отаны Солтүстік Америка саналады. Ежелгі заманда ол құрлықта өмір сүрген инктер күнбағысты кеңінен пайдаланған екен. Үндістер сол кездің өзінде оның жапырағын жануарларға азық ретінде берсе, дәнінен азық түрлерін дайындаған.

Фото: Біләл Арслан

Бұл қай батпақ?

$
0
0

Шотландияның солтүстік батысындағы Sgòrr Tuath шыңынан көрінетін сахна тәріздес батпақ – минималистік, күннің батуы жақын «мұң шалған» тегіс ашық жер. Жекеменшік, қорғау және жер игерудің дауы осы күтім көрсетілетін кеңістікпен «қабаттасқан».

Шотландияның сұлу табиғатын сақтап қалу жайында әлеуметтік, мәдени пікірталастар күн санап қызып тұр.

Автор: Кэти Ньюмен Фото: Джим Ричардсон

Тура сағат кешкі алты… 2015 жылы 30 шілдеде Шотландияның Кингасси қаласында голландиялық кәсіпкер Эрик Херемнің өкілі агент Джордж Пири «Балавил» жерін иесі Аллан Макферсон-Флетчерден қабылдап алды. Шамамен 6,3 млн. АҚШ долларына бағаланған саудадан кейін 225 жыл бойы бір әулеттің меншігінде болған 2800 га жер бұдан былай отбасылық мұраға кірмейтін болды. XVIII ғасырда сұр тастан қаланған шонжар үйі­нің жобасын Роберт Адам жасаған. Иелік меншігіне бес шақырымға созылған Спей өзенінің аңғары мен аңшылық алқап және Сара елесі кіреді.

«Ол кез жақсы болатын, бірақ уақыт өтті», – деді шаруа қожалығының аз ғана бөлігін сақтап қалған Макферсон-Флетчер виски ішіп отырып. Әйелі Маржорие екеуі ескі коттеджді жөндеп, кіріп алыпты.

Басын қырау жапқан, ақкөңіл Макферсон-Флетчердің жасы 65-те, зейнеткер.  Айтуынша, балалары одан бас тартқан. Оның күтімі оңай емес әрі қалтаға да салмақ түсіреді. «Ақша жоғалтудың ең жылдам жолы – Хайлендтен жер алу», – дейді ол мысқылдап. Шотландия парламенті бұл кезде елдің ландшафт алқаптарының болашағы туралы топтар арасындағы көпжылдық дауды реттеу үшін жер реформалау заңының қиын нұсқасын қабылдағалы жатқан.

Дуджи Лэндландс аумағы 18 мың га. тең «Ардверикиде» қызыл бұғыларды бақылау­да (сол жақтан екінші). Дуджи Лэндланд әулиеті осы жерге 150 жылдан бері иелік еткен. Шотландияда шамамен 400 мың қызыл бұғы бар, қызу пікірталас негізінен, осы қызыл бұғылар саны мен оларды аулауға қатысты.

АЛТЫ СУРЕТТЕН ҚҰРАЛҒАН КОМПОЗИЦИЯ; АЛДЫҢҒЫ БЕТТЕР: ЖЕТІ СУРЕТТЕН ҚҰРАЛҒАН КОМПОЗИЦИЯ


Жаңа қожайындарға дайындау мақсатында үйдегі ағаш едендер мен қабыр­ғадағы қаптамалардан басқа дүниенің барлығы шығарылды. Қабырғалардағы әулетбасылардың суреттері алынды, шкафтар пальто, шалбар, қалпақ және желеткелерден тазартылды. Қабырғаға ілінген шыны көзді тұлып бастары (бұғылар, қарақұйрықтар, буйволдар, құстар), қызыл ағаштан жасалған ас үстелі, күміс тәрелкелер және тармақталған шырағдандар қоймаға кетті.

Клиенттер дала кезіп, бұғы аулап, шіл атып, ақсерке қармау үшін ақша шашатын әдеттегі бір қожалық – «Балавил» бұдан былай отбасылық резиденцияға айналады. Сатып алушының әйелі Анна Хирема бұл жер балалардың «уақыт өткізетін» орны болатынын айтты.

«Байғұс құстар-ай». «Балавилдің» бұрынғы қожайыны Аллан Макферсон-Флетчердің басындағы ой осы болды.

«Балавил» қожалығы Шотландияның таулы аймағындағы Спей өзені мен Монадлиат тауларының арасында орналасқан. Аумағы 2800 га. қожалықтың 2400 гектары – батпақты жер. Бұл жерлер экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістерге ұшыраған. Осы өзгерістер шетелдіктерге жер иелену мүмкіндігін тудырып отыр (Біріккен Корольдіктің Еуропалық одақтан шығу туралы шешімінен кейін фунттың құны түсуіне байланысты шотландтық жер телімдерінің шетелдіктерге сатылуы үдейтін тәрізді. 2015-16 жылдары сатылған 16 жер телімінің жартысы шетелдіктердің үлесінде).

Батпақ дегеніміз – бұта мен желге ұйпаланған, шөбі қаулап өскен басы артық алқап. Батпақ таулы өлкенің құрғақ жерлерімен қатар елдің аз құрғатылған аумақтарын да қамтиды. Әлемде аршагүл мол өсетін батпақты жерлердің 75 пайы­зы – Біріккен Корольдікте орналасса, ал оның көп бөлігі Шотландия жерінде жайқалып тұр.

Батпақты жердің сауда белгісі – аршагүл. Ол – қызғылт, ақ және күлгін түсті көпжылдық өсімдік. Осындай кеңістік Абердинширдегі «Мар Лодж» қожалығын кесіп өтетін Ди өзеніне дейін созылған. Қазір Шотландия ұлттық қорына кіретін «Мар Лоджда» орманды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Батпақты дала готикалық әдебиет пен Голливуд эпопеяларының зұлмат көрінісін де бейнелейді: Эмили Бронтенің «Найзағайлы асуы», Артур Конан-Дойлдың «Бас­кервилей иті», Мел Гибсонның «Батыл жүрегі». Бәрінен бұрын бұл – турис­терді Шотландияны саяхаттауға шақыратын кітапшадағы көзге ұратын символдық сурет. Үкімет сауалнамасында сұхбат берушілер тау көлі және мүйізі әдемі тәкаппар бұғылар елдің беткеұстар табиғи мақтанышы деп көрсетті. Шотландиядағы аңшылық және табиғатты қорғау қорының басшысы, биолог Адам Смиттің айтуынша, батпақ бұл жердің бұрыннан бар пейзажындай көрінеді. Ал шындығында олай емес, аймақтың табиғаты жабайы болғанымен адам аяғы баспаған деуге де келмейді. Аршагүлді батпақты сақтап қалу үшін оның аумағындағы ағаштарды уақтылы әрі жүйе­лі түрде өртеп тұру керек. Осылайша, аумақтың орманға айналуының алдын алуға болады екен.

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін Шотландия аршагүлді алқаптардың ­25%-нан айы­рылды. Оның себебі аймақта бұғы мен қойлардың көп жайылуы, қырыққұлақтың басып кетуі және ол жерлердің орманға айналуымен түсіндіріледі. Батпақты алқаптарды сөз ету алауыздық, наразылық және әділеттілік мәселелерін қозғағанмен бірдей. Бұған бәрі келісе бермес, бірақ Смит сияқты ғалымдар «батпақ Британия­ның қызғыш және тұрымтай құстар мекендейтін биологиялық алуандығы жоғары жерлерінің қатарында» деген уәж айтады. Олардың көптеген экономикалық пайдасы да бар, ең алдымен – туризм. Қоршаған орта сақтауда аса маңызды болатыны шымтезекті, батпақты әрі ылғалды жерлер атмосфераны көміртектен тиімді тазартып, климат өзгеріске ұшырауын баяулатады.

Батпақты жерлерге шіл өсіріп, оларды ату үшін арнайы күтім көрсетіледі. Бірақ кей ынталылар мұндай жерді одан да тиімді қолдануға болады деп есептейді. Мәселен, Шеффилд университетінің ботаника ғылымының құрметті профессоры Дэвид Рид жердің кейбір бөлігіне құрылыс материалдары ретінде Ситка шыршаларын отырғызған дұрыс деп санайды. «Егер шыршалар көп өсірілсе, Шотландия импорттық ағаш материалдарына тәуелді болмас еді», – дейді ол.

Шіл ату – саяткерліктің белгісі. Оны жақтайтындар ойын, мәдени мұрасын және экономикалық құндылығын қоғамға жарнамаласа. Қарсы жақ оған «қайырымсыздық», «табиғатты тонау» деп қарайды. Аберфелдке жақын «Урлар» қожалығында мерген мен оның оқтаушы көмекшісі (сол жақта) құстардың пыр-р етіп ұшуын күтуде.

«Джон Мьюир қоры» табиғат қорғау ұйы­мының жер басқару бөлімінің басшысы Майк Дэниелс сияқтылар батпақты алқаптарды бастапқы табиғи қалпына келтіруді ұсынады. «Өзіңіз қайсысын көргіңіз келер еді, бүркітті ме, әлде шіл қуалап жүрген аңшыларды ма?» – дейді Дэниелс.

Жер иелену ісінде пікірталас тудыратын жайттар жетерлік. Жер реформасы жөніндегі маман Энди Уайтманның пікірінше, Шотландиядағы ауылшаруа­шылық жердің тең жартысы – небәрі 432 адамның қолында.

«Дәулеті тасығандар Шотландия жерлерін бұрыннан ешбір қиындықсыз сатып алып, басқарып келеді және бұл мәселе тудырған емес, – дейді жер реформасы бойынша белсенділік танытып жүрген Лесли Риддох, – ғасырлар бойы ақсүйектер аумағына бір кішкентай ел сиятындай жерлерді ойын-сауық мақсаттарына пайдаланып келеді. Олар сол жердің тұрғындарына инвестиция салған емес, керісінше оларды өз қалауларына қарай көшіреді, қондырады, ал қаламаса өтініштерін қабылдамай тастайды». Риддох жерлердің қолжетімді телімдерге бөлініп, жас отбасыларына берілгені дұрыс деп ойлайды. Шотландиядағы ойын-сауық нысандары жылжымайтын мүлік ретінде ежелден жоғары бағаланады. 1852 жылы Алберт ханзада Виктория патшайымға арнап Абердиншир таулы өлкесіндегі «Балморал» қорғанын сатып алады. Король отбасы мүшелері мен ақсүйектер аңшылық және басқа да ойын-сауық мақсаттары үшін жазда осы ғажап өлкеге қоныс аударатын.

1990 жылдардың басында «Мар Лодж» қожалығы жұбайы бұрын жалаңаш модель болған миллиардердің меншігінде болатын. Қожалық кезінде патшайымның меншікті жеріне жақын орналасқан, ал қазір Шотландиядағы ұлттық сенім қорына қарайды. Аумағы 29 000 га. Әлгі миллиардер көрші король әулетімен достық қарым-қатынас құрамын деп үміттенген.

Мұндайда «дәмесінің зорын-ай» демей ме!


ІІ дүниежүзілік соғыс­тан кейін Шотландия аршагүлді алқаптардың 25 па­йызынан айырылды, бірақ бұл алаңдарлық мәселе ме, оны өзіңіз бағамдарсыз.


2015 жылы 22 маусымда Шотландия үкіметі ойын-сауық нысандарына салық салуды реттейтін және үкімет қоры есебінен қара халыққа жер сатып алуды жеңілдететін жаңа заң жобасын қабылдады.

«Бұл құрылым көнерген және өзгертуді қажет етеді», – дейді шотландтық Парламент және заң жобасын қарастырған комитеттің мүшесі Майкл Рассел. Ол Юра аралында өз достарына арнап гольф алаңын жасауды ұсынған, алайда жұртшылықтың қысымынан кейін райынан қайтқан австралиялық хедж-қор иесі сияқ­ты қоғам мүддесімен санаспайтын ауқаттылар туралы сөз қозғады. «Бізге қандай да бір түбегейлі өзгеріс қажет. Негізі, мұны бұрын жасау керек еді», – дейді Рассел.


Батпақты басқару

Қазіргі Шотландияның жартысы 10 мың жыл бұрын адамдар қоныстана бастаған кезде орманды болған. Арада ғасырлар өткенде егіншілік, жайылымдарға қажет болғандықтан ормандардың 40 пайызы оталған.

Қыспаққа алынған жер иелері тығырыққа тірелген бұғыларға ұқсайды. Саясат толқыны «Балавил» қорғанының сатылуына әсер етті: екі жылда нарықта оның бәсі түсіп, ақырында сұраған бағадан екі миллион фунтқа кеміген. Жылжымайтын мүлік агенті Роберт МакКаллохтың айтуынша, сатып алушыларды толғандырған жер реформасы мен Шотландия тәуелсіздігі төңірегінде нақтылықтың болмауы және жоғарғы салым қатері. Заң 2016 жылы нау­рызда қабылданды.

Қыркүйектің жанға жайлы күнінде аңшы ретінде белгілі «Тоғыз мылтық» тобы «Роттал» қожалығы алдында жиналды. Кезінде граф Эйрлиге тиесілі болған жылжымайтын мүлік 2005 жылы хартфордширлік кәсіпкер Ди Уордқа сатылған болатын. Уорд Кабуки театр қойы­лымына пара-пар арнайы киімдер мен дәстүрді дәріптейтін рәсім – саяхатты аңшылыққа достарын шақырыпты. Біреуі шіл аулау үшін киінген. Уорд әртүсті торлы көйлек және твидтен тігілген киімін киіп, жүннен жасалған галстугын тағып келді. Ол мұнысын: «Бұл құсқа деген құрметті білдіреді», – деп түсіндірді.

«Біз Шотландия шілдерін атамыз, – деп ескертті ол қонақтарына, – оған рұқсат бар, бірақ құрлар мен қояндарды атпауларыңызды өтінемін».

Кингусси маңындағы Ралиа жерінде орманшылар Аластайр Лион (сол жақта) мен Ричард Уильямс ескі аршагүл алқабын іріктеу әдісімен өртеуде. Бұл – құрлардың тамақтануына, ұрпақ өрбітуі үшін қазаннан сәуірге дейін жүргізілетін жұмыс.

«Роттал» классикалық спорт қожалығында шіл ауланады. Артынан дау-дамай арылмайтын дәулетті адамдарға «дегдар», «көрсеқызар» немесе «сәнқой» дегендей әділетті-әділетсіз теңеулер жиі таңылады. Қожалықтағы бір күннің бағасы бақуатты адамдар үшін жан басына шаққанда 750 фунт стерлингтен (шамамен, 935 АҚШ доллары) айналады. Бұған жататын жерді қосыңыз, мәселен, Батыс Хайлендтегі Инверлохи қамалындағы қонақүй бөлмесін бір түнге 695 фунт стерлингке (870 АҚШ доллары) бірнеше күнге брондай аласыз, оған тамақ, шай-пұл және аңшы қаруын қоссаңыз, орта есеппен 80 000 АҚШ долларына шығынданасыз. Осыдан кейін ойын-сауықтың осы түрі хедж-фонд басшылары мен топ-қаржыгерлер үшін неліктен ыңғайлы екенін байқайсыз.

Аңға шыққандар жалауларын желбіреткен бойы құстарды үркітіп, олардың қару кезенгендерге қарай ұшулары үшін бір қатарға тізіліп, батпақты «сыпырып» шығады. Жоғары және тік ұшатын қырғауылдарға қарағанда қызыл шілдер шашырай ұшып, жебедей жылдам әрі төмен зырғиды.

Батпақтағы аңшылық дауы пікірсайыс­қа қарағанда жалаңқол бокс жекпе-жегіне ұқсайды. «Аз төбелі топтың әуресі көпшілікке зиянын тигізіп отыр», – деп жазады Марк Эйвери. Былтыр Біріккен корольдікте осы спорт түріне тыйым салу туралы оның өтінішін қолдап 123 мың адам қол қойған. «Шіл санын барынша арттыру батпақта алып тауық фабрикасы бар деп қараумен бірдей», – дейді «Guardian» газетінің шолушысы Джордж Монбиот.

«Мар Лодж» жеріндегі 2435 бұғы мүйіз жиынтықтарымен безендендірілген салтанат залын 1890 жылдардың соңында Файф герцогі қоғамдық іс-шаралар өткізу үшін тұрғызған. Қазіргі күні мұнда тойлар өткізіледі және күні кешеге дейін орманшылар мен қызметкерлерге арналған жыл сайынғы шотланд тіліндегі ghillie кешін өткізуге пайдаланылып келген.

Ал қарсы тарап мәселенің биотүрлілік пен экономикалық тиімділігін өз беттерінше тұжырымдайды. «Біз шіл аулауда табиғат қорғау қағидаларын қатаң сақтаймыз. Аршагүлді батпақ – әлемде сирек кездесетін жердің бірі, – дейді Шотландияның оңтүстігіндегі «Хоупс» қожалығының иесі Робби Дуглас Миллер, – оны сақтау мен жетілдіру ұзақ уақыт пен көлемді қаражатты талап етеді. Батпақта шіл өсіру – осы аймақтың келтірер жалғыз пайдасы».

«Game and Wildlife» табиғатты қорғау қоры қаржыландырған зерттеу нәтижелері шіл өсірудің экономикалық тиімділігіне негіздеме берді. Бұл сала халықты 1072 жұмыс орнымен, 14,5 млн фунт стерлинг (18,3 млн АҚШ доллары) жалақымен қамтамасыз етеді әрі Шотландияның жалпы ішкі өнімін 23,3 млн фунт стерлингке (29,5 млн АҚШ доллары) арттырады.

Бірақ жабайы табиғатты қалпына келтірудің жақтаушысы Майк Дэниелс «бұл көрсеткіштер табиғатқа тауар ретінде қарайтындарға ғана қатысты» деген уәж айтып отыр.

«Мәселенің ақиқаты сол, егер сіз аңшылық дұрыс емес десеңіз, онда сізді ешбір дәлел көндіре алмайды», – дейді жер қожайындарының өкілі, «Scottish Land and Property Moorland Group» директоры Тим Бэйнс.

Каррон көліне жақын орналасқан Рерайг орманында бұғы бағумен айналысатын Колин Мурдох бұғылардың мүйіздерін тез өсіру үшін оларға арнайы жемшөп береді. Қоршауға алынған бұл аумақта тұмса табиғатқа саяхат жасауға да мүмкіндік бар. Одан бөлек көптеген қожалық табыстарын арттыру үшін демалыс күндері үй-жайларын да жалға беретін болып жүр.

Джон Мюр қорында қызмет ететін Майк Дэниелс: «Табиғатта нені көргіңіз келер еді, бүркітті ме, әлде шіл аулаған джентльменді ме?» – деді өкінішпен.


«Game and Wildlife» табиғатты қорғау қорында қызмет ететін Адам Смит шіл ату мәселесіне қатысты былай деп байсалды пікірін білдірді: «Батпақтар – қақтығыс пен қорғауға іргелес мәдени ландшафтар».

Енді игеру мәселесін қарастыра­йық. Орнитолог және жабайы табиғат бо­йынша кеңесші Рой Деннис батпақтың шіл өсіру үшін игерілгенін жаратпайды. «Батпақ Италиядағы зәйтүн бақтарындай жасанды, – дейді ол, – қазіргі батпақты жерлердің көбі бір кездері орманды алқап болған».

Деннис Монадлиат тауларындағы 16 000 га «Койгнафирн» қожалығына жерді табиғи күйіне қайта келтіру бойынша консультация береді. Ол мені қалпына келтіру жұмыстарын көруге алып шықты: бұғылар таптамас үшін қоршалған шарбақ сыртында ағаштар мен бұталар, қайта көбейіп жатқан аққайың, сырғатал және алқызыл жидектер жайқалып өсіп тұр.

«Мәселе шіл атуда емес, – дейді ол, – мәселе шіл санын көбейту үшін жер қолданысының қарқындауында. Мұны экологиялық тұрғыда қауіпсіз дей алмаймыз».

Жаңғырту жоспарлары бар басқа қожалықтар да жетерлік, айталық, «Гленфеши» (голландиялық миллиардер Андерс Повлсеннің иелігінде), «Мар Лодж» (Шотландия ұлттық қоры) және «Абернети Форест» (Шотландия Құс қорғау бойынша корольдік қоғамы) қожалықтары. «Жер иелену жай артықшылық емес, ол – жауапкершілік», – дейді Деннис.

«Гарроуз» қожалығының бас орманшысы Ронни Киппен бұл пікірмен келіспейді. «Жабайы табиғатты қалпына келтіру қамқорлық деп ойламаймын. Бұл адамдарға жұмыс бере ме?» – деп сұрады ол. Оның пікірінше, шіл өсіру – бұл табиғатты қорғау әрі аңшылық саласындағы орманшы, саятшы, қожалық қызметкерлері үшін жұмыс орындарын сақтау мен туризм. «Батпақты игеру тіршілікке тыныс береді», – деп көндірді Киппен. Ол менімен бірге қожалықты айналып өтіп, ерекше қара құрларды, күйкентайларды, көгал торғайын және кішкентай бұлбұлды көрсетті. «Батпақта биотүрлілік жоқ деп кім айтты?» – деп сұрады ол.

Енді Джейми Уильямсонмен танысыңыз. Ол жалпы аумағы 5400 га «Алви» және «Далрадди» қожалықтарын басқарады, бірақ ол ресми түрде жер иеленуші атағына ие емес.

«Алви» орманшысы Граем Макдоналдпен бірге батпақта серуендегенде мәдени дәстүр туралы кей нәрселерді үйренесіз. Сақалын «қырау» басқан Макдоналд аймақтың ой-шұқырын бес сау­сағындай біледі. Бұғылар қай жақта жайылады, қай клиентке «Дәке» деуге керектігін, ал кімге «мырза» деуді, клиенттің оғы тимей қалған жағдайда, мәнерлі ырғақпен «Бұл құсқа оқ тигізу қиын, мырза!» – деп жұбатуды да жақсы игеріп алған.

Стерлингтен маңайындағы «Брейс-Даун» жел фермасы секілді жерлерін турбиналарға жалға беретін қожайындар жақсы өтемақы алады. Бірақ табиғат қорғаушы Майк Дэниелс жел электр стансасы өнеркәсіптік ластаумен пара-пар деп санайды. «Сіз дөң басына көлік зауытын салар ма едіңіз?» – дейді ол.

ТӨРТ СУРЕТТЕН ҚҰРАЛҒАН КОМПОЗИЦИЯ

Қожалық кітапханасына барыңыз. Терімен қапталып, алтынмен көмкерілген «Алви» аңшылық кітабын қараңыз. Өмір мен өлім күнделігінің бетінде атылған бұғы, тауқұдірет пен шілдердің саны сия­мен жазылып анық көрсетілген. «1908 жылы 22 тамыз – Дж.Б.Барингтон мен Дж.Ф.М.Лауренстің қаруымен 107 шіл атылды… Ауа райы тамаша».

Алайда қазіргі күні шіл ату қожалықтар пайдасының 4%-ын ғана құрайды. «Бай-манаптар әлі де келуде, – дейді ол. – Бірақ қазір, көбіне, туристерді қабылдаймыз. Интернет пен теледидарға қосылған каюта мен кемпингтерді жалға беруден жылына 500 мың фунт стерлингтен ­

(632 000 АҚШ доллары) астам қаражат түседі. Орман шаруашылығы, аспалы өткел, гранит кен орындары және балық зауыты қосымша кіріс түсіреді».

«Жер иесі болу мені құбыжық етіп көрсетпейді, – деді Уильямсон, – қалталы аз төбелінің бірі деген сын – шындықтың бұрмалануы».

«Балавилдің» әуелгі қожайыны Аллан Макфорсен-Флетчер үшін мұның барлығы – дау.

«Табысты жылдары қожалық өз шығынын өзі жапса, кей жылдары шығынға ұшыраймыз. Сондықтан қарыз алуға тура келді. Балавилден кетерде, – дейді Макфорсен-Флетчер, – соңғы рет жан-жағыма қарап, көзімнен жас күткенмін. Бірақ олай болған жоқ, себебі онда ескі қаңыраған бос үй ғана қалған еді. Барлық көңіл күй мен тарихты өзімізбен ала кеткен едік. Артымызда қалғаны – кірпіш пен әк қана».

Иелік ету мәселесіне келер болсақ, бұрынғының адамдары «меншіктегі мүлік жауапкершілік тудырады» деген пікірге сүйенген. Аристотель жеке мүліктің қолданылуы – ізгіліктің белгісі санаған.

Ескі қарағай солтүстік-батыстағы таулы аймақтағы Мари көлінің суымен құлпыра түседі. Жас ағаштарға жайылатын бұғылар оқшауланбайды. Жер теліміне бұғыларды кіргізбеу және орманды қалпына келтіру үшін қоршаулар салынады. Бірақ мұның қымбатқа түсетіні былай тұрсын табиғаттың көркін кетіріп қана қоймай, төмен ұшатын құстар үшін де қауіпті.

ЖЕТІ СУРЕТТЕН ҚҰРАЛҒАН КОМПОЗИЦИЯ

«Біз сараңданып барамыз», – деді Элисон Хестер Ол – жер және табиғи ресурс­тарды тиімді пайдалану мәселелерімен айналысатын Шотландиядағы зерттеу тобы, Джеймс Хаттон институтының профессоры және биотүрлілік жөніндегі ғалым. Жыл мезгілі күз де келіп жетті. Жақында жұмсақ төбешіктер қызыл-қоңыр түске боялады. Шілдер үшін жаңа аршагүл өсіретін болғандықтан орманшылар ескі аршагүлдерді өртейді, артынан көк аспанды түтін басады.


Граем Макдоналд қай клиентке «көке», қайсысына «жәке» деуді және клиенттің оғы тимей қалған жағдайда мәнерлі ырғақпен: «Бұл құсқа оқ тигізу қиын, мырза!» – деп жұбатуды да біледі.


«Аршагүл қандай әдемі! – деп ойға шомды ол, – аралар ызыңдайды. Таза ауа иісі уайымыңызды сейілтеді, жел тынып тұр. Бала күнімізде батпаққа барып, аузымызды қаражидекке толтырып, кроншептерді тыңдайтынбыз».

«Бұл жер орманнан өзгеше, – деп ол сөзін жалғастырды. – Орманда ағаштардың жасырын әсерін және көктемде аққайыңнан тәтті бал иісін сезесіз. Бұл пікірталаста қайсысы дұрысырақ екенін анықтау мүмкін емес».

Мүмкін, біз артқа шегіне, жағдайды тереңірек ойлауымыз керек болар. «Мүмкін, шіл санын барынша арттыру орнына кейбір батпақты жерлерді жабайы табиғатқа айналдыру керек шығар, – деп ұсыныс айтты ол, – біз, шынында, нені сақтап қалуымыз керек? Қалай болса да, шешім соңы – біреуінің жеңіп, біреуінің жеңілуі».

Өркениет кезінде түз зәйтүн бағынан «жеңіледі», жазық дала бидайлы алқапқа айналады, батпақ орманды алмастырады. Жер қолданысы қажеттілікке, экономика мен меншікке тәуелді.

Өсімтал ондатр

$
0
0

Ондатр (лат. Ondatra zibethicus) –  кеміргіштер отрядына жататын терісі аса бағалы аң. Қорек талғамайды, негізінен суда өсетін өсімдіктермен қоректенеді. Жылына 2-3 рет балалап, 25-30-ға дейін ұрпақ әкеледі. Дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см, ал салмағы 1,5 килограмға дейін барады.

Ондатр құрлықта да, суда да қатар тіршілік ете береді. Мойны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын болғандықтан, жүзген кезде денесін бағыттап отыруға бейімделген. Түгі қалың да тығыз, қызғылт-сары, қоңыр кейде қара түсті болып келеді.

Ал ол аңның шыққан жері – Солтүстік Америка саналады. Бұл аңды алғаш рет А. А. Слудский есімді ғалым Қазақстанға РФ-ның Вологда облысынан алып келіп, Іле және Торғай өзеніне 760 дарасын жіберген. Қазір олардың саны республика бойынша бір миллионнан асып отыр.

Фото: Дмитрий Ругис

Шырылдауық тасшымшық

$
0
0

Қазақстанға көктем-жаз айларында ұшып келетін сайрауықтар тұқымдасына жататын жыл құстарының бірі – тасшымшық. Еуропа, Африка және Азияда (тек тропиктік аймақтарда кездеспейді) тасшымшықтың 22 түрі мекендесе, ал біздің елімізде кәдімгі тасшымшық, қасқа тасшымшық, испан тасшымшығы, қара тасшымшық, қараалқымды тасшымшық, шөл тасшымшығы және шыбжың тасшымшығы секілді түрін кездестіруге болады.

Дене тұрқы шамамен 14-18 сантиметр аралығында болса, тұмсығы жіңішке келеді және жерде секіріп жүруге бейімделген.

Ұяларын жыраларға, шатқалдардың жарығына, тұрғызылып жатқан құрылыс алаңдарына, кей кейде кеміргіштердің ескі індерін де пайдаланады. Және олар бір салғанда 4-8-ге дейін көгілдір жұмыртқа басады.

Фото: Ерболат Шадрахов

Әнші самырқұс

$
0
0

Самырқұс (Bombycilla garrulus) – торғайтәрізділер отрядына жататын жылқұстары ішінде ән салатындығымен ерекшеленеді. Салмағы 40-83 гр шамасында, айдары бар, қауырсындары түрлі түспен боялған ерекше әдемі құс. Араларында қара түстері де кездесіп тұрады.

Төбесінде үлкен айдары, үстіңгі тұмсықтың ұшында кішкентай тісшелері болады. Аяқтары жуан, қанаттары үшкір, құйрығы тік, әрі қысқа болып келеді.

Олар көбіне шетен, аюбадам, қарасты жидектері, жиде және жабайы алма ағаштар өскен  ормандар мен бақтарда мекендейді. Самырқұсты топ-тобымен ұшып жүргенін қыркүйек айының аяғы мен қарашаның басында кездестіруге болады. Көбіне қылқан жапырақты ормандарда ұя салады. Ұясының құрылысы өзгеше шар тәріздес болып келеді. Бір маусымда 4-6-ға дейін балапан басып шығарады.

Қоректеріне байланысты қалалар мен елдімекендер маңында қыстайды.

Самырқұс Еуразияның солтүстігі және Солтүстік Америка жерінде кең таралған.

Фото: Михаил Шпигельман

Дегелек келді жаз болды, бала-шаға мәз болды

$
0
0

Ақ дегелек – әркімге бала күннен әдеби шығармалардан немесе суреттерден етене таныс. Биіктігі бір метрден асатын, қанаттарының ұшы қара, тұмсығы мен аяғы қызыл түсті болып келеді. Қанатының ұзындығы 58-61 см, салмағы 3,5-4 кг дейін жетеді. Мекиенінің дене тұрқы қоразынан гөрі кішілеу әрі тұмсығы жіңішкелеу болып келеді. Ақ дегелек – жұбын жазбай, бір орынға бірнеше жыл қатарынан келіп, ұясын елдімекендерге жақын жерлерде салады. Жыныстық жағынан 2-3 жылда өсіп жетіледі. Жылына бір мәрте 2-5 аралығында жұмыртқа салады.

Күй-ойнақ кезеңінде аталығы басын арқасына қойып алып, барабан даңғылындай дыбыс шығарады және ол дыбыс кәдімгідей қашықтан естіледі.

Балапандарын ұядан 70-72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, балық, жылан, құрбақа және кеміргіштермен қоректенеді. Тамыз-қыркүйек айларында жылы жаққа ұшып кетсе (Африка мен Азияның оңтүстігі), наурызда Қазақстан территориясына қайта ұшып келеді.

Ақ дегелекті біздің елімізде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары аумағынан кездестіруге болады.

Кейбір зерттеушілер оны «ләйлек» деп те атайды. Ақ дегелек құсына байланысты ел ішінде мақал-мәтелдер, әндер мен аңыз-әңгімелер көптеп кездеседі. Мысалы, «Жылқының жауы – бөгелек, жыланның жауы – дегелек», «Дегелек келді жаз болды, бала-шаға мәз болды» деген. Бүгінде Ақ дегелек санының азаюына байланысты қорғауға алынып отыр.

 Фото: Михаил Шпигельман


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Мың да бір дертке ем –қалақай

$
0
0

Қалақай

Қалақай – төртқырлы тік сабақты, жапырақты өсімдік. Оның безді түктері денеге тисе түктің ұшы морт сынып, ішіндегі сұйықтық денеге жайылып күйдіреді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, витаминдер мен минералды тұздар, әртүрлі органикалық қышқылдар бар. Ол тағам ретінде де, медицина да пайдаланылады.

Көктемде қалақай жаңа көктеп бой ала бастаған мезгілде ұсақтап турап беті жабулы эмальды ыдыста жарты сағаттай қайнатып алып, жас еттің сорпасына араластырып ішсе мың да бір дертке ем болатыны дәлелденген. Халық емшілерінің айтуынша, қалақай қанды тазартып, жүрек демікпесін басуға, тері ауруларын қайтаруға, жүйке жүйесін тыныштандыруға және есте сақтау қабілетіңізді нығайтуға әсері мол.

Қалақайдың уында адам денсаулығына аса қажетті қырықтан аса минерал түрінің бар екені дәлелденіп отыр. Оның құрамында калий, кальций, темір, мыс, қорғасын, фосфор, хлор, йод, оттегі, азот, марганец пен магний секілді аса пайдалы зат бар.

Қалақайдан сондай-ақ жіп те жасалып, ең мықты желкен де тігіледі, Жапонияда қалақай жгуты жібекпен бірге самурай атжарақтарын алу үшін қолданылса, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлерінің киімі де қалақайдан жасалған матадан тігілген екен.

Қалақай – қос жарнақты өсімдіктер тұқымдасына кіреді. Жер шарының барлық жерінен кездестіруге болады. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойын­да өседі. Әсіресе, тропиктік, субтропиктік аймақтарда өсетін 60 туысы 700-дей түрі кең таралған. Ал біздің елімізде оның 2 туысына жататын 7 түрі өседі. Шөптің бұл түрін Іле Алатауы бөктерінен, Балқаш-Алакөл ойыстары, Тобыл, Есіл мен Ертіс өзендері алабынан кездестіруге болады.


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.


Құм қылығы

$
0
0

«Өзбекстан шөлдерін жын-шайтан мекендейді және олар жолаушыларды бағытынан жаңылдырып, азық-түліктерін ұрлайды» деген қауесет бар.

«National Geographic» журналисі Пол Салопек Орта Азияда ежелгі «Жібек жолының» ізімен жаяу жүре отырып бұл деректі тексеріп көрді. Бір күні түнде Қызылқұмның кең шөлінде шайдай ашық аспан астында Салопек пен оның серіктері қызық жайтқа тап болды: олар келгенге дейін су толтырып көмілген бөшкелер бос боп шықты.

«Абырой болғанда, спутниктік телефон арқылы сөйлесіп отыр­дық. Сондықтан да мен ежелгі дәуірде Қызылқұмды кесіп өтуге талпынып, бірақ дегендеріне жете алмаған жолаушылардың тағдырын қайталамақ емеспін, – дейді Салопек, – ал жындарға келер болсақ, «импульс» деп аталатын мұндай рухтар, жақсы болсын, жаман болсын, әрқайсысымыздың бойымызда бар деп ойлаймын».

Салопек Африкадан Оңтүстік Америкаға дейін жеткен адамзат ізімен сапар шегуде. Жоба «Жұмақтан шыққан жол» деп аталады. 2016 жылы ол Қазақстан мен Өзбекстан аумағын төрт жарым айда кесіп өтті. Сапар барысында ол Ұлы «Жібек жолының» қайта түлеуіне куә болды. Оның аясында Азия, Еуропа, Африка және Таяу Шығысты қосатын инфрақұрылым желісі салынуда.

Нина Строчлик


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Санитар шымшық

$
0
0

Сарыбауыр шымшық (лат. Parus major)  – үлкендігі кәдігімгі торғайдай, шымшық тұқымдасына жататын ұсақ құс. Құстың бұл түрі Еуропаның кез келген жерін, ал Таяу Шығыс, Африка, Орталық және Солтүстік Азияда ішінара мекендейді. Қазақстанда сарыбауыр шымшық Орталық Қазақстаннан басқа өңірлердің барлығында кездеседі.

Арқасындағы көкшіл, көкірегіндегі қара және сары түсі оны алыстан тануға мүмкіндік береді. Бұл наурыз айының басында көктем мен жылы күндердің жақындап келе жатқанын білдіретін жаршы тәрізді, қысқа үнмен сыңғырлай сайрайтын құстардың бірі.

Сарыбауыр шымшықтар басқа құстарға қарағанда аса өсімтал болып келеді. Ол өте ерте ұялап, 12-ге дейін жұмыртқа салса, ал жұмыртқаны жарып шыққан балапандары үш аптадан кейін ұядан ұшып шығады.

Сарыбауыр шымшық көбіне аралас ормандарда, бақтар мен адам қоныстанған жерлерде мекендейді. Күзде және қыста олар шағын топ болып тіршілік етеді. Олар бұтақтан бұтақ секіріп жүріп, ағаштағы зиянкестермен қоректенеді.

Фото: Ерболат Шадрахов

Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Аталығы мен аналығын ажырату мүмкін емес

$
0
0

Қызыл ибистердің басқа құстардан айырмашылығы – олардың түр-түсі мен дене бітіміне қарап, қайсысы аталық, қайсысы аналық екенін ажырату мүмкін емес. Тұмсығынан, қанатының ұшына дейін қызыл түске боялған бұл құстардың ұзындығы 60-70 сантиметр аралығында болса, ал салмағы 1,4 килограмға дейін барады.

Өздері мекендейтін аумақтарын белгілеп алып, сол жерде топтасып өмір сүруге дағдыланған олардың негізгі қорегі ұсақ балық, бақа-шаян, моллюскалар, крабтар мен шыбын-шіркейлерден тұрады. Ибистер түр-түсінің біркелкі болуына қорек құрамындағы «каротиноидтер» деп аталатын органикалық пигменттердің шамадан тыс көп болуының әсері бар. Бір маусымда ары кеткенде 1-3 жұмыртқа ғана басып шығарады. Балапандарының түсі алғашқы жылдары қоңыр болса, қызыл түске арада бір жыл өткенде барып боялады.

Қызыл ибистерді Оңтүстік Америкадағы Венесуэла, Бразилия елдерінен басқа, Тринидад аралында ғана көруге болады. Басқа материктерде кездеспейді.

Халықаралық табиғатты қорғау одағы келтірген мәліметтерге қарағанда, дәл қазіргі уақытта олардың саны 100-150 мың аралығында болса керек.

Фото: Жайнар Дәркембаев


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Саңқылдауық – сарыжал

$
0
0

Сарыжал қараторғай – қара­торғайлар тұқымдасына жататын өсімтал құс. Көбіне елді-мекендерге жақын жерде тіршілік етуді қалайды. Ел ішінде «ауған қараторғайы» атанып кеткен бұл құстар кейбір музыкалық шығармалардың әуенін дәлдікпен сала алатындығымен ерекшеленеді.

Олар Оңтүстік Африка, Солтүстік Америка, Ауғанстан, Орталық Азия мен Қазақстанның бірқатар аймақтарында мекендейді. Сарыжалдар біздің елімізге алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары Ташкенттен әкелінген. Белгілі жазушы-орнитолог Тынымбай Нұрмағамбетов құстар туралы шығармасында мынадай мәлімет келтіреді: – «Бұл құстар Алматы қаласына 1962 жылы «ҚазССР аң шаруашылығы және қорықтар басқармасының» қалауымен жерсіндірілген. Сол жылы зоорталық 200-ге жуық қараторғайды қабылдап алып, қалалық зообаққа өткізген. Арада жылдар өтіп, олардың саны еселеп артқанда басым көпшілігі бостандыққа жіберілген. Дәл қазір ондай қараторғайлар Оңтүстік Қазақстан аймағында, Сырдария етегінде, Бетпақдала аумағында, Жезқазған мен Балқаш көлінің солтүстігінде кездеседі».

Қараторғайлар жайылымдар мен шабындықтарды обыр шегірткелер (саранча) мен өзге де зиянкес жәндіктерден қорғайды. Одан бөлек бұлар іріқараға сәйгел тиіп, оқыралағанда жотасына қонақтап алып, құрттардан тазартады.

Дене тұрқы 23-25 см аралығында болады. Бір басқанда 2-5-ке дейін жұмыртқалайды. Балапандары бір айға жетпей жатып өз бетімен тіршілік етуге бейімделіп үлгереді.

Фото: Animalreader

Қар барысы қамқорлыққа алынатын болады

$
0
0

Белгілі меценат әрі кәсіпкер Нұрәлі Әлиев Қазақстанда қар барысын сақтап қалуға арналған «Kingdom of Snow Leopard» жобасын қолға алды. Бұл туралы Алматы қаласында «Snow Leopard Foundation» халықаралық жеке қорының ресми тұсауы кесер рәсімі кезінде мәлім болды. Аталмыш қордың негізін қалаушы – меценат Нұрәлі Әлиев болып отыр.

Қордың ресми ашылуына халықаралық және қазақстандық ұйымдардың өкілдері мен жетекші ғалым-зоологтар, кәсіпкерлер, Швеция, АҚШ, Қытай, Ресей, Монако, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланды, Македония, Дания, Франция мен Түркия елдерінен мамандар қатысты.

Кешке сонымен бірге Голливуд актер Эдриан Броуди, белгілі швед жиһангезі Йохан Нильсон, Джек Маның «Paradise International Foundation» қорының вице-президенті Ван Дэчжи қонақ болып қайтты.

Салтанатты шара барысында танымал саяхатшы, Гиннестің рекордтар кітабына енген, Йохан Нильсон Қазақстандағы тұңғыш Халықаралық «Snow Leopard Foundation» қорының Елшісі болып тағайындалды.

Йохан Эрнст Нильсон Халықаралық табиғатты қорғау одағының елшісі, Непалдың Құрметті ізгі Ниет елшісі, швед «Everest Summiteers Association» бірлестігінің, «Aidbox» компаниясының негізін қалаушы болып табылады. Ол 145 елді аралап, 30-дан астам экспедицияға шыққан. Оның ең көлемдісі ретінде Оңтүстіктен Солтүстік полюске дейін 18 айға созылған экспедициясын айтса да болады. «Бұрынырақта Ғарышқа бару мүмкін емес деп айтқан болатын, бірақ адамзат баласы оны да бағындырды. Сондықтан мен ешқашан «мүмкін емес» деп айтқым келмейді», – дейді Йохан Нильсон.

Жаңа қор басшысының айтуынша, «Snow Leopard Foundation» ТМД елдері ішінде қар барысын реинтродукциялау бойынша тұңғыш қор болып табылады.

«Қар барысы Тәуелсіз Қазақстанның символы болып табылады. Алайда соңғы ширек ғасырда еліміздегі бұл аңның популяциясы 40 пайызға дейін азайған. Сондықтан біз бұл жобаны жүзеге асыра отырып, қар барысының табиғи өсімін қалпына келтіруге ықпал ететін боламыз», – деп атап өтті «Snow Leopard Foundation» қорының атқарушы директоры Е. Еркінбаев. Дәл қазіргі уақытта Дүниежүзі бойынша қар барысының саны төрт мыңнан сәл-ақ асып отыр. Өкініштісі соңғы 16 жылда олардың саны 20%-ға кеміген. «Қазақстан экологиялық дәліздің тарихи рөлін атқарды. Ал бүгінгі өсім аумағын жекелеген фрагменттерге бөлу жыртқыштың бұл түрінің жойылып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстанда «Қар барысын өсіру Орталығын» құру бастамасы дер кезінде қолға алынған жоба болып отыр»,деді WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц.

«Kingdom of Snow Leopard» бағдарламасы аясында Іле-Алатау ұлттық табиғи парк ішіндегі 500 гектар аумаққа қар барысын сақтауға арналған бейімделу орталығының құрылысы жүргізілетін болады.

Анықтамалық: Қар барысы немесе ілбіс (Panthera unica) – еліміздегі мысық тұқымдастары ішіндегі ең ірісі. Табиғатты қорғау жөніндегі  Халықаралық одақ пен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай, Моңғолия мен Ресейдің ұлттық Қызыл кітабына енген. Осылайша, XX ғасырдың соңында қазақстандық қар барысы санының табиғи өсімі шамамен 180-200 басқа дейін жеткен. Алайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты жүргізген санақ бойынша, 2014 жылы Қазақстанда бар болғаны 110-130-ды құраған.

Фото: National Geographic Qazaqstan

Viewing all 146 articles
Browse latest View live