Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қазақстанда 150 мыңнан астам киік қырылғаннан кейін Saiga tatarica-ны 2019 жылдың аяғына дейін, яғни 5 жылға жуық уақыт атуға тыйым салынған еді. Ақбөкен санын көбейту үшін бұл мерзім 2023 жылға дейін ұзартылды. «Заңмен шектеп қана қоймай, бұл бағытта әртүрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі мақсат – киік санын 500 мыңға жеткізу», – дейді Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
Осы таңғажайып көріністі Шығыс Қазақстан облысына экспедиция барысында түсірген болатынмын.
Түнімен автокөлікпен жүріп келеміз, таң ата бастады, сағат 04:44. Қас қағым сәтте айналаны қалың тұман басып кетті. Тамаша көріністі жіберіп алмау үшін ұйқылы-ояу фотоаппаратымызды ала жүгірдік…
Бақаларды аулау ерекше сабырлық пен табандылықты талап ететін шаруа. Бұған әуес жандардың да өз жаргоны мен міндетті түрде қажетті заттар тізімі бар. Мысалы, масаға таланып, жыланның шағуынан қорғайтын басы жабық аяқ киім. Құрбақалар құрып бара жатқан әлемде біздің амфибия құмар саяхатшыларымыз оларды табу үшін Коста Рикаға аттанады.
Save the Frogs КЕҰ ұйымдастырған осы экотурлар Белиз, Перу, Гана секілді елдердегі осынау осал жаратылыс иелері үшін маңызды ортаны қорғайтын және саны күн санап артып келе жатқан парк пен эко-үйшіктерді қолдауға көмектеседі.
Коста Рика 149 бақа түрінің мекені (мына геликония гүлінде отырған Agalychnis annae құрбақасы). Жаңбырлы маусым кезінде біз олардың 21 түрін кездестірдік.
Сіз көрмесеңіз де, естімесеңіз де, джунгли бәрін көріп тұр, бәрін естіп тұр… Оңтүстік-шығыс Азияның ыстық ну ормандарының таңсәрі елесі — пантерамен таныс болыңыздар! Мұндай жан түршігерлік атау оның әсерлі түсі мен қолға еш ұстатпайтындығымен түсіндіріледі.
Ғалымдардың айтуынша, пантера бұл үлкен мысықтардың өздігінен дамыған бөлек түрі емес, ол кәдімгі леопард не ягуар. Соңғы зерттеулер оның ДНҚ-сы, әзірге (кейін бөлек түрге айналып кетуі әбден мүмкін), көбіне Азия мен Африкада таралған леопардтарға келетінін көрсетіп отыр. Пантера меланиннің мол концетрациясы үшін боялатын қанық қара түсімен ғана ерекшеленетін болып шықты.
Орташа есеппен бұл жыртқыштың салмағы 40 келіге дейін жетеді. Алайда жүз келілік пантера туралы дерек те жоқ емес. Өзге мысықтарға қарағанда орман елесі суға түскенді ерекше ұнатады екен. Сондай-ақ ол көп уақытын ағашта емес (емін-еркін шыға алса да), жерде өткізетін болып шықты. Қара пантераның бірден-бір ерекшелігі өз иісін өзгерте алатындығында жатыр. Осы арқылы ол жемтігін оп-оңай алдай алады.
Бұл Магеллан пингвиндері үшін ұялайтын уақыт. Моногамдық жұп пен олардың балапандарын Фолкленд аралы, Аргентина мен Чилидің оңтүстік жағалауларынан көруге болады.